Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2025 жылдың 1 тоқсанына арналған ақпараты
Су құбыры және кәріз жүйесі
2025 жылдың 1 сәуіріне Көкпекті ауданында халық саны 13 032 адамды құрайды. Оның ішінде:
Ауданның 7 елді мекенінде (Көкпекті, Теректі, Тассай, Үлкенбөкен, Ұлғұлималшы, Преображенка, Көкжайық) орталықтандырылған су құбыры бар. Ал 7 елді мекенде (Үшкүмей, Мамай, Үкілікөз, Біғаш, Шұғылбай, Шариптоғай, Ажа) орталықтандырылмаған су құбыры жүйесі жұмыс істейді.
Ауданның 14 елді мекенінде (Жансары, Толағай, Егінбұлақ, Черноярка, Мелитополь, Қарағандықол, Ақсу, Сүлейман, Ақтас, Ұзынбұлақ, Қайнар, Нұра, Ақой, Қарамойыл) блок-модульді су құбыры станциялары орнатылған.
Қазіргі уақытта таза ауыз сумен қамту деңгейі 75% (11 451 адам), бұл аудан халқының 87,8%-ын құрайды.
Аудандағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 181,2 км, олар "КГП на ПХВ Көкпекті" коммуналдық кәсіпорнының балансында. Кәріз желілері ұзындығы 12 км, олар да осы кәсіпорынның қызмет көрсетуінде.
2024 жылы Ақой ауылында су құбыры желілерін салу жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны – 540 763 910,62 теңге. 2024 жылы бөлінген қаржы – 101 000 000 теңге. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Автомобиль жолдары
Көкпекті ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 488,4 км, оның ішінде:
Аудандық маңызы бар 282,4 км жолдың:
2025 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында келесі жөндеу жұмыстары басталды:
Көгалдандыру және санитарлық тазалық
Ауданның елді мекендерін көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың 4 сәуірінде аудан әкімінің №74 қаулысы қабылданды. Құжатта көгалдандыру, санитарлық тазалық және көше бойларын тазарту бойынша нақты іс-шаралар белгіленді.
Іс-шаралар барысында:
Барлығы 2000-ға жуық адам қатысады деп жоспарлануда.