Көкпекті ауданы бойынша мәдениет және спорт саласы туралы 2025 жылдың 1-тоқсанына ақпарат
Тіл саясаты және патриоттық тәрбие
2025 жылғы 18 қаңтарда Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы бірлесіп «Тіл тазалығын сақтайық!» атты акцияны ұйымдастырды. Акция барысында аудан орталығындағы сауда орындарының сыртқы көрнекі ақпараттары тексеріліп, кәсіпкерлерге тіл заңнамасының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 30 қаңтарда ауданның 95 жылдығына арналған жоспар аясында Көкпекті аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудан жастарының қатысуымен кездесу өтті. Жиын барысында тақырыптық көрмемен танысып, ауданның 80 жылдығына арналған деректі фильм көрсетілді.
Спорттық іс-шаралар
2025 жылғы 14 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына арналған аудандық волейбол турнирі өтті.
2025 жылғы 21 ақпанда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған шаңғыдан аудан біріншілігі ұйымдастырылды.
22 ақпанда Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде дәстүрлі «Есіңде ме сол бір кез...» атты ретро концерт өтті.
Кітапхана және өлкетану шаралары
Көкпекті аудандық кітапханасында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өлкетанушылар мен тарихшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
21 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне орай Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп кітапханасымен бірлесе «Тілім менің» атты мақал-мәтел сайысы өтті. Мақсаты – оқушылардың тіл байлығын арттырып, қазақтың мақал-мәтелдерімен таныстыру.
8 наурыз – Әйелдер мерекесі қарсаңындағы іс-шаралар
Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған «Ана – өмірдің гүлі» атты көңілді викторинаға «Көк сырға» және «Қызыл сырға» командалары қатысып, қатысушылар сыйлықтар және мадақтамалармен марапатталды.
Сондай-ақ:
Мәдени іс-шаралар
2025 жылғы 14 наурызда Абай облысының мәдени күндері аясында Көкпекті аудандық көркемөнерпаздар ұжымы Бородулиха ауданына барып, концерттік бағдарлама ұсынды.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Көкпекті ауылында:
Мемлекеттік мекемелер арасында «Нұрын жауған – әз Наурыз» киіз үйлер байқауы және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Қатысушылар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мерейтойлық кештер
Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде:
Музей шаралары
Амангелді атындағы орта мектеп оқушылары аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады. Олар:
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған шарада І.Жансүгіров мектебінің оқушылары музейге экскурсия жасап, ұлттық киім киіп, тақырыптық әдеби монтаж оқыды.
Спорт және патриоттық жарыстар
3 мамырда Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы мен волейбол ардагері Сағидолла Ағзамовты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өтті. Бұл турнир ауданымызда 37-ші рет өткізілді.
Нәтижесі:
17 сәуір күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында асық ату спорттық жарысы өтті:
Шешендік өнер байқауы
Ақтамберді жыраудың 350 және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Сөз Дода» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Қатысушылар:
Мәдениет қызметкерлері күні
21 мамыр күні Семей қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті.
Ұлттық спорт түрлері
2025 жылғы 24 мамырда аудан әкімінің жүлдесіне арналған Спартакиада аясында бәйге, аударыспақ, теңге ілу, көкпар жарыстары өтті.
І орын алған жеңімпаздар Семей қаласында өтетін облыстық Спартакиадаға жолдама алды.