Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанына ақпарат

Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанына ақпарат

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4 821,7 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі (НКИ) — 102,5 %. Алайда, есептік кезеңге белгіленген жоспарлы көрсеткіш орындалмады — жоспардан ауытқу 416,1 млн теңгені құрады (5 237,8 млн. теңге).

Мал шаруашылығы.

Өндірілген мал шаруашылығы өнімі:

Ет –  573,6 тонна (2024 ж. – 531,2 тонн немесе на 7,4 % өскен),

Сүт –2 114,3 тонна (2024 ж. – 1 877,3 тонна немесе 11,2 % - ға өскен),

Жұмыртқа - 1 858,0 мың дана, (2024 ж. – 1 930,8 мың дана немесе 3,8 %-ға төмендеген)

Мал басының саны:

ІҚМ – 71 648 бас (2024 ж. - 33 199 бас немесе  53,6 %-ға өсті),

Қой мен ешкі – 82 169 бас  (2024 ж. -  50 283 бас немесе 61,2 %-ға өсті),

Жылқы –   20 238 бас  (2024 ж. - 32 714 бас немесе 38,1 %-ға төмендеген),

Шошқа – 57 бас  (2024 ж. - 109 бас немесе  47,7 %-ға төмендеді),

Құс –34779 бас  (2024 ж. – 34132 бас немесе 1,86 %  өсті).

Ауданда 2025 жылдың 1 мамырына 22 шаруа қожалығы ет бағытындағы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады, оларда 9498 бас асыл тұқымды ІҚМ тіркелген. Соның ішінде, 21 шаруа қожалығы қазақтың ақбас тұқымын асыраумен айналысса, 1 кәсіпорын ангус тұқымдас ірі қара малын өсіруде.

«Өрнек» ЖШС-гі сүт бағытындағы асыл тұқымды мал шаруашылығымен шұғылданады, 1372 бас симментал тұқымдас сиырлары бар.

Асыл тұқымды ІҚМ басының саны 10 500 басты құрайды, барлық ІҚМ басының санынан үлесі 15%. Асыл тұқымды қой саны 2700 бас, үлесі 3,3%.

Өсімдік шаруашылығы

2025 жылы Көкпекті ауданы бойынша жоспарлы егіс алқаптарының құрылымына сәйкес ауыл шаруашылық дақылдардың жалпы алқабы 95,1 мың. гектарды құрайды, оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдардың егіс алқабы 55,8 мың гектар (бидай 39,30 мың гектар, арпа 14,90 мың гектар және сұлы 1,6 мың гектар), майлы дақылдар 36,0 мың гектар (35,7 га. күнбағыс, 300 рапс). Жемшөптік дақылдар 3,2 мың. гектар (жүгері, бір жылдық, көп жылдық шөптер). Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егістік алқабы 3,8 мың гектарға немесе 4,2 %-ға артты (дәнді және бұршақты дақылдар-1,6 мың гектарға ұлғайған, майлы дақылдар-3,6 мың гектарға ұлғайған).

Суармалы жерлерді дамыту

Аудан бойынша 5959,0 га суармалы жерлер бар. Суармалы жерлер негізінен аудандағы «Ақтоған», «Малобукень», «Ворошилов» каналдарынан келетін сумен суғарылады. Каналдар Үлкенбөкен, Көкжайық ауыл округтерінің аумағы арқылы өтеді. Бұл каналдардан 18 ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерінің жерлері және ауыл әкімшілігіне қарасты жерлер су алады. 

«Елім-ай Көкпекті» ЖШС «Ақтоған», «Ворошилов» каналдары арқылы келетін сумен мал азығын дайындау үшін 1700 га жерді 25 жаңбырлатып суару машиналарын қолданып мол өнім алуға қол жеткізді. 2021 жылы америкалық 12 жаңбырлатып суару құрылғыларын алса, 2024 жылы 13 дана Түркиялық құрылғыларды 700,0 млн теңгеге сатып алды. 

Топырақтың құнарлылығын арттыру

Ағымдағы жылы 3,3 мың тонна минералды тыңайтқыштар алынды, бұл жоспардан 41% құрайды, жеткізілгені 3,0 мың тонна. Жоспар-тапсырма 8010,7 тонна. Шаруаларға тыңайтқыштар қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету

Арзандатылған дизель отынына Көкпекті ауданының 49 шаруалары 4563,3 тоннаға өтінім берген. Көкпекті ауданының шаруалары келесі операторларымен жұмыс істейді:

«Алтын Мұнай ЛТД» ЖШС - 39 шқ, 3,4 мың.тонна;

«Ахметов З.З.» ЖК - 3 шқ, 408 тонна;

«Petro Retail» ЖШС - 4 шқ, 310,4 тонна.

Бүгінгі күнде ауданға 798,3 тонна дизель отыны жеткізілді.

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру

Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала» бағдарламасы аясында аудан шаруаларынан 1 678,1 млн. теңгеге 55 өтінім берілген, оның ішінде 40 өтінім бойынша 1 167,7 млн. теңге несие берілсе, 75,4 млн. теңгеге 4 өтінім мақұлданған, бірақ ақшасы берілмеген, 435,0 млн. теңгеге 10 өтінім бойынша құжаттары жинақталуда.

Ауылшаруашылық техникасы

Көкпекті ауданы бойынша машина-трактор паркінде:

- тракторлар 956 бірлік, оның ішінде доңғалақты 866 бірлік;

- комбайндар –165;

- жүк автомобильдері – 194;

- басқа техника – 4684 бірлік;

Сонымен қатар, аудан бойынша тұрақты машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, аудан бойынша сатып алынған жаңа техника:

- 2022 жылы – 80 бірлік, жалпы сомасы 2 103 млн. теңге;

- 2023 жылы – 73 бірлік, жалпы сомасы  1 586 млн. теңге;

- 2024 жылы – 86 бірлік, жалпы сомасы 2 088 млн. теңге;

- 2025 жылы – 18 бірлік, жалпы сомасы 688,3 млн. теңге.

Субсидиялау:

2024 жылы Көкпекті ауданының 109 фермерлері мен шаруашылықтары мал шаруашылығы саласы бойынша 1,0 млрд. теңге көлемінде субсидия алды. Оның ішінде ірі қара малға барлығы 989,7 млн. теңге:

  • асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға – 23,1 млн. теңге;
  • ірі қара малдың асыл тұқымды аналығын сатып алуға (жергілікті) – 122,1 млн. теңге;
  • ірі қара малдың асыл тұқымды аналығын сатып алуға (шет мемлекеттен) – 220,0 млн. теңге;
  • селекциялық жұмыстарға – 180,0 млн. теңге;
  • сүт өндірісінің құнын арзандату – 326,0 млн. теңге;
  • бордақылау алаңдарына – 118,5 млн. теңге.

Ұсақ мүйізді малға барлығы 30,5 млн. теңге субсидия алынған. Оның ішінде:

  • жергілікті асыл тұқымды қойларды сатып алғаны үшін – 18,0 млн. теңге;
  • селекциялық жұмыстарға – 12,5 млн. теңге.

Омарташылық бойынша 2 шаруашылыққа 9,0 млн. теңге субсисдия төленген.

Өсімдік шаруашылығы саласында

Өсімдік шаруашылығында тұқым шаруашылығын жетілдіру, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану шығындарын өтеу арқылы өнім көлемі мен сапасын арттыру көзделген. Өсімдік шаруашылығы бойынша 259,3 млн. теңгеге 56 өтінім түскен, оның ішінде:

-           тұқым шаруашылығын дамытуға – 186,6 млн. теңге.

-           тыңайтқыштардың құнын арзандату бойынша 72,6 млн. теңге төленген.

 

Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанына ақпарат
Дата публикации
29 мая 2025