2025 жылдың ІV ай қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат

2025 жылдың ІV ай қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат

Қаңтар-сәуір айларында өндірілген өнеркәсіп өнімінің жоспар тапсырмасы – 467,9 млн.теңге, нақты көлем 448,6 млн.теңгені құрайды. 2024 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 139,4 % (2024 ж – 321,7 млн. теңге). Нақты көлем индексі 119,5%.

Өңдеу өнеркәсібінде өнімінің жоспар тапсырмасы қаңтар - сәуір айларында 224,6 млн. теңге, нақты көлем 224,3 млн.теңгені құрайды. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 129,8% (2024 жылы – 172,8 млн.теңге) құрады. Нақты көлем индексі 178,4%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім жоспар тапсырмасы қаңтар - сәуір айларында 5 237,8 млн.теңге, нақты көлем 4 821,7 млн.теңгені құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 65,8%. (2024 ж – 7 325,8 млн.теңге). Нақты көлем индексі – 102,5%.

Қаңтар-сәуір айларында құрылыс жұмыстарының жоспар тапсырмасы 700,0 млн.теңге, нақты көлем 1 646,0 млн.теңгені құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны – 548,7% (2024 жылы –300,0 млн. теңге).

2025 жылғы қаңтар-сәуір айларына тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы алаңының жоспар тапсырмасы 1 100,0 шаршы метр, 1 145,0 шаршы метрді құрады. 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 114,4%. (2024ж – 1 001,0 ш.м.).

Қаңтар-сәуір айларында бөлшек тауар айналымының жоспар тапсырмасы 1 797,4 млн.теңге, нақты көлем 1 623,8 млн.теңгені құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 107,9%. (2024 жылы – 1 505,4 млн.теңге). Нақты көлем индексі 100,0%.

Көтерме сауда айналымының жоспар тапсырмасы қаңтар - сәуір айларында 1,8 млн.теңге, нақты көлем 25,6 млн.теңгені құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 1,7 есе. (2024 жылы – 1,5 млн.теңге). Нақты көлем индексі 2 062,8%.

Қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар жоспар тапсырмасы 4 610,0 млн.теңге, нақты көлем 2 220,7 млн.теңгені құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 55,4% (2024 жылы – 4 005,0 млн. теңге). Нақты көлем индексі 54,0%.

Қаңтар-сәуір айларында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоспар тапсырмасы 1 312 бірлік, 1253 бірлікті құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны ұқсас кезеңге қарағанда – 94,6% (2024 жылы - 1324 бірлік).

Меншікті кірістер бойынша жоспар тапсырма қаңтар-сәуір айларында  548,8 млн.теңге, 1 218,2 млн.теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 356,0%. (2024 жылы - 342,2 млн.теңге).

 

2025 жылдың ІV ай қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат
Дата публикации
29 мая 2025