Білім бөлімінің бюджеті 2024-2025 оқу жылында 5,5 млрд.теңгені құрайды.
Көкпекті ауданның білім беру мекемелерінің желісіне 18 жалпы білім беретін мектеп кіреді, оның ішінде 11 орта мектеп (5 қазақ мектебі, 6 аралас), 4 негізгі мектеп (3 қазақ мектебі, 1 аралас), 3 бастауыш мектеп (1 қазақ мектебі, 2 аралас).
Оқушылар контингенті 2189 оқушыны құрайтын болады:
1-4 сыныптар –907 оқушы
5-9 сыныптар - 1044 оқушы
10-11 сыныптар – 238 оқушы
11 сынып оқушыларын – 112 оқушы құрайды.
1 сыныптарында 196 оқушы.
Мектепалды даярлық сыныбына 216 тәрбиеленушілер.
Биылғы оқу жылын 112 түлектер бітірсе, соның ішінде 15 түлек «Алтын белгі» төс белгісінің иегерлері және 12 түлек қызыл аттестат иегерлері.
Аудан бойынша білім сапасы 2024-2025 оқу жылының 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 64,6%-ды құрайды, 2023-2024 оқу жылының 3 тоқсанымен салыстырғанда 3,6% -ға өсті.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі 6 мекемені қамтиды: 3 мемлекеттік балабақша, 3 жеке меншік балабақша, балабақшалардағы балаларды қамту 533 баланы құрайды. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезек 0 жастан бір жасқа дейінгі 142 баланы құрайды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бұл 100% құрайды.
Толық күнде шағын орталықтардың саны - 6, толық емес күнмен - 4 шағын орталықтар, соның ішінде 153 бала қамтылған.
2024-2025 оқу жылында педагог кадрлардың сапалық құрамы 459 педагогты құрайды. Оның 363 - ы жоғары білімді, 73-і орта арнаулы білімді педагог. Санаттар бойынша: шебер санатында - 1 мұғалім, зерттеуші санатында- 95, сарапшы санатында -139, модератор санатында-124, педагог-106 мұғалім.
Аудан бойынша барлығы 10 инклюзивті мектеп бар. Бұл мектептерде-37 сынып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 54 бала оқиды.
Жалпы білім беретін 18 мектептің 18-інде (100%) аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 631 (27%) оқушы үшін жаппай оқыту қорынан ыстық тамақ ұйымдастырылады. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 88,2 млн.теңге бөлінді.
2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 82 тармағының және Абай облысы әкім аппараты басшасының м.а. А. Жакупованың «Тегін ыстық тамақ беру бөлігінде Әлеуметтік әмиянды енгізу бойынша өңірлерге арналған қадамдық іс-қимыл жоспары» орындалуын қамтамасыз ету үшін 12 аудан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілді. Соған 12 мектептің асхана жалға алушылар арқылы ваучерларды тіркейді. «Әлеуметтік әмиян» жобасына 5-11 сыныптыға 256 оқушы кірді. Көкпекті ауылының 2 орталық мектептерінде ыстық тамақ 1 қыркүйектен АПК арқылы жүзеге асырылады, соның ішінде 102 бала қамтылады.
Мектептері жоқ шалғай ауылдардың оқушылары үшін тасымалдау ұйымдастырылған, ол үшін 10 мектепте автобустар бар. Жеткізу 374 оқушы үшін жүзеге асырылады. 2024 жылы Үлкенбөкен орта мектебіне ескіргенавтобустыңорнына автобус сатып алынды.
Аудан бойынша 1 қосымша білім беру мекеме жұмыс атқырады ол «Оқушылар шығармашылық сарайы». Сарайда акт залы, спорт залы, шеберхана, хореография би залы, шахмат кабинеті, мұражай, оқуға арналған 15 оқу кабинеттері жұмыс атқаруда. 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі: көркем-эстетикалық, музыкалық-эстетикалық, спорт-туризм, әлеуметтік-педагогикалық, техникалық бағытта.
Оқушылар шығармашылық сарайында 59 үйірмелерде 1011 бала қамтылған. Соның ішінде Көкпекті ауылында 39 үйірмелерде 665 бала қамтылған және 7 ауылдық округтегі филалдарымен бірлесе жұмыс жасап, 20 үйірмелерде 346 бала қосымша білім алуда.
Аудан бойынша 18 жалпы білім беретін ұйымдары 100% бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. ЦОУ-ға екі мектеп қосылған.
Аудан бойынша 18 жалпы білім беретін ұйымдары бөлек дәретханалармен, базалық ауыз сумен және қол жууға арналған базалық құралдармен 100% қамтылды.
Аудан бойынша 10 физика, 11 биология, 10 химия кабинеттер бар.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2025 жылы 24,0 млн. теңге бөлінді (3 кабинет Көкпекті, Аухадиев атындағы, Пушкин атындағы орта мектептеріне).
Көкпекті ауданының білім нысандарына 2025 жылы 94,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде: