"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 26 наурызда Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 4 мамырға Абай облысы, Көкпекті ауданы, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
2025 жылдың 27 наурыздан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 9 сәуірдегі жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.
3 кандидат өзін-өзі ұсынды..
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 8 сәуірде сағат 18:00-де аяқталды.
Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы