2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Көкпекті ауданында мемлекеттік қызметтер 6 дербес бөлім және 9 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары арқылы көрсетіледі.
2025 жылдың бірінші тоқсанында жалпы 405 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 315 қызмет электрондық форматта ұсынылды, бұл жалпы көлемнің 77,7%-ын құрайды.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінен:
– 11 қызмет немесе 2,7% қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде ұсынылды;
– 79 қызмет немесе 19,5% «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді;
– 315 қызмет немесе 77,7% электрондық форматта ұсынылды, оның ішінде:

  • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 125 қызмет немесе 39,6%;
  • «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы – 84 қызмет немесе 26,6%;
  • қызмет алушымен тікелей байланыссыз қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 60 қызмет немесе 19,04%;
  • қызмет алушымен тікелей байланыс орнатып, өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы – 46 қызмет немесе 14,6%.

Қызметтерді көрсету бойынша жүргізілген талдау нәтижесі бойынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Көкпекті ауданында ең көп сұранысқа ие болған қызмет – «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (72 қызмет).

2025 жылдың бірінші тоқсанында Көкпекті ауданы бойынша 2 бақылау іс-шарасы жүргізілді (оның ішінде 2 жергілікті атқарушы органға қатысты).

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде 5 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде:

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактісі – 1 (Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппаратында анықталды);
  • Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 2 (Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппаратында анықталды);
  • Есептік деректердегі сәйкессіздіктер – 2 (Абай облысы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округі әкімінің аппаратында анықталды).

Бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша 2 тәртіптік жаза қолданылды.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар саны – 2 (оның ішінде жергілікті атқарушы орган қызметкерлері – 2).

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 4 ұсыным әзірленіп, олардың барлығы орындалды.

2025 жылдың бірінші тоқсанында Көкпекті ауданы бойынша 8 түсіндіру шарасы өткізілді, халықты қамту саны – 12 143 адам.
Атап айтқанда:

  • Әлеуметтік желі парақшаларында 3 тікелей эфир өткізілді;
  • Әлеуметтік желі парақшаларында 4 жазба жарияланды;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарында 1 мақала жарияланды.
2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
04 апреля 2025