Абай облысы
Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Көкпекті ауданының Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көкпекті ауданының Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 4 мамырына тағайындалсын.
- 2025 жылғы 4 мамырына тағайындалған Көкпекті ауданының Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Көкпекті ауданының сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Е. Оразханов
Сайлау
комиссиясының хатшысы Б. Адыльханов
Көкпекті ауылы
2025 жыл 26 наурыз
№ 39