Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Үлкенбөкен ауылдық округі әкімі аппаратының қызметі туралы мәліметтер есепке енгізілді.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік қызмет – бұл жеке түрде өтініш беру немесе өтінішсіз көрсетілетін мемлекеттік функциялардың бір түрі, ол азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға, оларға сәйкес материалдық немесе материалдық емес игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған;
Мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес «Үлкенбөкен ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 19.
Канцелярия арқылы қағаз түрінде, бірақ «электронды үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтердің саны – 4.
Электронды түрде (E-лицензиялау арқылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 15.
Мемлекеттік қызметтердің тегін және ақылы негізде көрсетілуі: тегін - 19, ақылы - 0.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны:
Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты келесідей жерлерден алуға болады: ауылдық округ әкімінің аппаратының ғимаратындағы стендтерден, Кокпектин ауданы әкімінің сайтынан www.gov.kz, Үлкенбөкен ауылдық округі әкімдігінің Instagram парақшасынан және Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны 1414 арқылы.
Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық стенд орналастырылған: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы, мемлекеттік қызметтер ережесі, қажетті құжаттардың тізімі мен оларды толтыру үлгілері, тиісті қызмет түрін ұсынатын мамандар туралы ақпарат.
Әкім аппаратының ғимаратында бір «E-gov» өздігінен қызмет көрсету бұрышы бар. Есепті кезеңде осы бұрыш арқылы 1970 электронды қызмет көрсетілді.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының қоғамдық талқылаулары туралы ақпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер қоғамдық талқылау үшін Кокпектин ауданының сайтында орналастырылады, мұнда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікір қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында халықпен 1 түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру жұмыстары
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Үлкенбөкен ауылдық округі әкімінің аппараты барлық мемлекеттік қызметтерді ережелерге сәйкес көрсетеді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2024 жылы Үлкенбөкен ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). 2024 жылы Үлкенбөкен ауылдық округі әкімінің аппаратына тіркелген шағымдар жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі бақылау нәтижелері. Әкім аппараты ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсетілгені туралы есептерді уақытында жібереді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізген уәкілетті органның нәтижелері. 2024 жылғы 15-26 сәуір аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау шаралары жүргізілді. Бақылау нәтижесі бойынша:
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізудің нәтижелері. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату бойынша болашақ перспективалар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметтер ережелерінің өзгерістерін және толықтыруларын уақтылы орналастыру, қызмет алушыларды уақытылы және сапалы қызмет көрсету үшін бірнеше іс-шаралар жоспарланған:
2024 жылдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есепке қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан түскен шағымдар туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған орган (ұйым) және (немесе) шешім қабылдаған орган |
Қаралған күні |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |