1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:есепке Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылғы 12 айының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі мәліметтер енгізілген.
2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтарымен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарыныңбірі;
"Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру, Сауда-саттықты(конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу, Жер учаскесін жеке меншікке бір жолғы не бөліп сату, Жер учаскесін алуға кезекке қою.
2024 жылғы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 8
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны- 0.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны:
тегін - 8, ақылы - 0 "елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру".
Е- лицензия нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 8. Барлық қызмет электронды түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны- 6.
3) Барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет: Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздерімен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан стендтерден алуға болады. Көкпекті ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz. Тассай ауылдық округі әкімдігінің Инстаграмм парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша.
Ауыл әкімдігінің ғимаратында стендте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, қызметтің белгілі бір түрін көрсететін мамандар туралы ақпарат орналастырылған.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында 1 "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2024 жылдың есепті кезеңінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2417 электрондық қызмет көрсетілді.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялау, талқылау туралы ақпарат.
Жария етіп, талқылауға арналған мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер Көкпекті ауданының сайтында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Тассай ауылдық округі әкімінің аппаратымен барлық мемлекеттік қызметтер ережеге сәйкес көрсетіледі.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылдың 12 айында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мамандар жоқ.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). 2024 жылдың 12 айында "Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де тіркелген шағымдар жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2024 жылыдың 12 айында«Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілген жоқ
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілген жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушыларды көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын уақтылы орналастыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларындағы өзгерістер мен толықтыруларды назарда ұстау;
- Аудан әкімінің ресми сайтындағы, инстаграм әлеуметтік желілеріндегі, ақпараттық стендтердегі ақпараттарды өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жаңарту;
- Көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бейнероликтер мен буклеттерді үнемі жаңартып отыру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспар бойынша.