1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:есепке Абай облысы Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі мәліметтер енгізілген.
2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтарымен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
«Абай облысы Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жеручаскесінжекеменшіккебіржолғынебөліпсату», «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
Мемлекеттік қызметтер саны – 5
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны- 2.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны:
тегін - 2, ақылы - 0.
Е- лицензия нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-2. Барлық қызмет электронды түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-0.
3) Барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
2024 жылдың қорытындысы бойынша осы салада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 2: Мемлекеттік корпорация арқылы -0; е-лицензия түрде –2 Мемлекеттік мекеме арқылы - 0 қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздерімен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан стендтерден алуға болады. Көкпекті ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz. Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімдігінің Инстаграмм парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша.
Ауыл әкімдігінің ғимаратында стендте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, қызметтің белгілі бір түрін көрсететін мамандар туралы ақпарат орналастырылған.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында 1 «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Есепті кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2200 электрондық қызмет көрсетілді.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялау, талқылау туралы ақпарат.
Жария етіп, талқылауға арналған мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер Көкпекті ауданының сайтында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында халықпен 1түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппаратымен барлық мемлекеттік қызметтер ережеге сәйкес көрсетіледі.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылы «Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ біліктілікті арттыру курстарынан 1 маман өтті.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).2024 жыл бойынша«Абай облысы Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағыауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де тіркелген шағымдар жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. Әкімдік ай сайын ауданның ішкі бақылау қызметіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есептілік мәліметтерін жібереді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау 2024 жылғы 24 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргізілді. атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-де бақылау шарасын талдау. Қойгелді Аухадиев, Абай облысы, Көкпекті ауданы» көрсетеді:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтар анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесінде жұмыс кестесін сақтамауы анықталмаған.
2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылау Көкпекті ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру талаптары орындалды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау талаптары орындалды.
Бұзушылық анықталды: «Стандартта қарастырылмаған артық құжаттарды сұрау».
Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімінің аппаратына ұсынылды:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында 1287 жазылушы контингенті бар «auhadiev_okruginin_akimdigi» Instagram әлеуметтік желілері, 10,8 мың жазылушы контингенті бар «tolagai_news» әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндірме іс-шараларын өткізу.
Көрсетілетін қызметті алушыларды көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, оларға енгізілген өзгерістермен толықтырулармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын уақтылы орналастыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған:
Мемлекеттіккөрсетілетін қызметтер қағидаларындағы өзгерістер мен толықтыруларды назарда ұстау;
Аудан әкімінің ресми сайтындағы, инстаграм әлеуметтік желілеріндегі, ақпараттық стендтердегі ақпараттарды өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жаңарту;
Көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бейнероликтер, буклеттер дайындау;
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Абай облысы Көкпекті ауданының
Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімдігінің
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
қызмет көрсету мәселелері бойынша
2024 жылға қызмет есебіне
Қосымша
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
|
Шағымданушы туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |