Көкпекті ауданының 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

Көкпекті ауданының 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

Көкпекті ауданында мемлекеттік қызметтер 6 дербес бөлім, 9 ауылдық округ әкімшілігі аппараты арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтердің реестрі бойынша жергілікті атқарушы органдар 58 түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетеді, бұл жалпы мемлекеттік қызметтердің (1324) 4,38%-ын құрайды. 2024 жылы барлығы 23244 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде 19808 қызмет электронды түрде көрсетілген, бұл 85,3%-ды құрайды.
Жалпы мемлекеттік қызметтердің ішінде:
      – 849 қызмет немесе 3,65% қағаз нысанында қызмет көрсетуші мекеменің канцеляриясы арқылы;
      – 2587 қызмет немесе 11,14% «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
      – 19808 қызмет немесе 85,3% электронды түрде көрсетілген, оның ішінде:

  • қызмет көрсетуші мекеменің ақпараттық жүйелері арқылы, қызмет алушы мен қызмет берушінің тікелей байланысынсыз (Қазақстан Республикасының «электронды үкіметі» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) – 178 (0,77%) қызмет,
  • қызмет көрсетуші мекеменің ақпараттық жүйесіне тікелей байланыс арқылы және қолмен өтінім енгізу жолымен көрсетілген қызметтер (веб-портал «электронды үкіметі» www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) – 194 қызмет (0,83%).

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді талдау нәтижесі бойынша, Көкпекті ауданында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Тракторларды және олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шасси мен механизмдерді, олармен байланысты тіркемелерді, соның ішінде арнайы жабдықтармен жабдықталған тіркемелерді, ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы техникаларын, сондай-ақ ерекше жүріс қабілетіне ие арнайы техниканы жыл сайын мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу» – 559 қызмет көрсетілген;
  • «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерді пайдалану жобаларын бекіту» – 205 қызмет көрсетілген;
  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» – 345 қызмет көрсетілген;
  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 139 қызмет көрсетілген.

      2024 жылы Көкпекті ауданында 6 бақылау шарасы өткізілді (4 жергілікті атқарушы орган, 2 дербес бөлім).
      Бақылау шараларының нәтижесінде 3 бұзушылық анықталды:

  • бекітілген мемлекеттік қызмет стандартымен көзделмеген құжаттарды талап ету – 1;
  • мемлекеттік қызмет көрсету процедураларының (бизнес-процестердің) бұзылуы – 1;
  • мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген жұмыс графигінің сақталмауы – 1.

Бақылау шараларының нәтижесінде тәртіптік жаза қолданылғандар саны – 0. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0. Бақылау шараларының нәтижесінде жасалған ұсыныстар саны – 6, оның ішінде:

  • Орындалғаны – 6.

      2024 жылы Көкпекті ауданында 18 түсіндіру шарасы өткізілді, халықтың қамтылуы – 17 401 адам.
Оның ішінде:

  • 10 тікелей эфир әлеуметтік желілерде;
  • 7 пост әлеуметтік желілерде;
  • 12 жарияланым веб-сайттарда;
  • 3 БАҚ-та мақалалар.

Аудан әкімдігі электронды форматта қызметтерді алу бойынша халық арасында насихаттау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді (түсіндіру іс-шараларын өткізу, мемлекеттік қызмет жәрмеңкелері, БАҚ-та жарияланымдар және т.б.).

 

Көкпекті ауданының 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі
Дата публикации
06 марта 2025