Көкпекті ауданының Биғаш ауылдық округі елді
мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының
4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 22135,8 гектар Биғаш ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін;
1) осы бірлескен Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысы және Көкпекті аудандық мәслихатының шешімін Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.