Ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің 2024 жылдың ХІ ай қорытындысы туралы ақпарат

Ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің 2024 жылдың ХІ ай қорытындысы туралы ақпарат

Көкпекті ауданы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімінің жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 1 147,9 млн.теңге, нақты орындалуы 894,0 млн.теңге. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 21,2% (2023 жыл – 4 214,2 млн.теңге), НКИ 22,4%. Жоспар тапсырманың орындалуы 77,9 %.

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 558,3 млн.теңге, нақты орындалуы 535,7 млн.теңге 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 121,3% (2023 жыл – 441,6 млн.теңге), НКИ 97,5%. Жоспар тапсырманың орындалуы 95,9%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 33 277,3 млн.теңге, нақты орындалуы 30 690,2 млн.теңге. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 111,3% (2023 жыл – 27 576,2 млн.теңге), НКИ 106,6%. Жоспар тапсырманың орындалуы 92,2%.

Құрылыс жұмыстары көлемінің жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 11 000,0 млн.теңге, нақты орындалуы 20 925,2 млн.теңге. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 199,6% (2023 жыл – 10 485,2 млн.теңге), НКИ 193,2%. Жоспар тапсырманың орындалуы 190,2%.

Тұрғын үйді пайдалануға беру жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 2 800,0 ш.метр, нақты орындалуы 5 322,0 ш.метр. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 2,1 есе (2023 жыл – 2 636,0 ш.метр). Жоспар тапсырманың орындалуы 190,1%.

Бөлшек тауар айналымы көлемінің жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 4 370,0 млн.теңге, нақты орындалуы 4 275,5 млн.теңге. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 112,5% (2023 жыл – 3 800,0 млн.теңге). Жоспар тапсырманың орындалуы 97,8%.

Көтерме сауда көлемінің жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 77,3 млн.теңге, нақты орындалуы 305,1 млн.теңге. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 4,4 есе (2023 жыл – 70,2 млн.теңге). Жоспар тапсырманың орындалуы 3,9 есе.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 27 822,9 млн.теңге, нақты орындалуы 26 431,2 млн.теңге. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 125,1% (2023 жыл – 21 124,8 млн.теңге). Жоспар тапсырманың орындалуы 95,0%.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының жоспар тапсырмасы қаңтар-қараша айларында 1473 бірлік, нақты орындалуы 1280 бірлік. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 92,3% (2023 жылы – 1387 бірлік). Жоспар тапсырманың орындалуы 86,9%.

Меншікті кірістер бойынша 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында жоспар тапсырма 1 041,7 млн.теңге, нақты орындалуы 1 232,0 млн.теңге, өсу қарқыны 149,1%. (2023 жылы - 826,5 млн.теңге). Жоспар тапсырманың орындалуы 118,3%.

 

Ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің 2024 жылдың ХІ ай қорытындысы туралы ақпарат
Дата публикации
17 января 2025