Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2024 жылдың 11 бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі салыстырмалы бағада - 30 млрд. 690 млн. теңге, 2023 жылы – 27 млрд. 576 млн. теңге немесе 111,3 % құрады. Нақты көлем индексі – 106,6 %. Оның ішінде мал шаруашылығы – 15 млрд. 90 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы – 15 млрд. 600 млн. теңге.
Мал шаруашылығы.
Өндірілген мал шаруашылығы өнімі:
Ет – 5247,6 тонна (2023 ж. – 5383,3 тонн немесе на 97,5%),
Сүт – 26 901,5 тонна (2023 ж. – 26 073,8 тонна немесе 103,2 %-ға),
Жұмыртқа – 6 311,8 мың дана, (2023 ж. – 6311,5 мың дана немесе 100 %-ға)
Мал басының саны:
ІҚМ – 62 148 бас (2023 ж. – 25 926 бас немесе 239,7%-ға),
Қой мен ешкі – 57 024 бас (2023 ж. – 41 900 бас немесе 136,1%-ға төмендеді),
Жылқы – 16 837 бас (2023 ж. – 24 015 бас немесе 70,1%-ға),
Шошқа – 43 бас (2023 ж. - 39 бас немесе 110,3%-ға ),
Құс –35 508 бас (2023 ж. – 34 779 бас немесе 102,1%төмендеді).
Ауданда 2024 жылдың 1 қаңтарына 22 шаруа қожалығы ет бағытындағы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады, оларда 9498 бас асыл тұқымды ІҚМ тіркелген. Соның ішінде, 21 шаруа қожалығы қазақтың ақбас тұқымын асыраумен айналысса, 1 кәсіпорын ангус тұқымдас ірі қара малын өсіруде.
«Өрнек» ЖШС-гі сүт бағытындағы асыл тұқымды мал шаруашылығымен шұғылданады, 1636 бас симментал тұқымдас сиырлары бар.
Асыл тұқымды ІҚМ басының саны 11 134 басты құрайды, барлық ІҚМ басының санынан үлесі 18%. Асыл тұқымды қой саны 2243 бас, үлесі 5,2%.
Өсімдік шаруашылығы
2024 жылы аудан бойынша барлығы 170 ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілермен, соның ішінде 148 шаруа қожалықтары, 22 заңды тұлғалар 86,7 мың га егістік алқапқа егін екті. Соның ішінде, дәнді дақылдар – 54,2 мың га (бидай – 38,6 мың га; арпа – 14,0 мың га; сұлы – 1,6 мың га), майлы дақылдар – 32,4 мың га, картоп - 100 га, көкеністер – 146,8 га құрайды.
Сонымен қатар, аудан бойынша 32,1 га алқапта күнбағыс егілген, барлығы орылды. 45,4 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік 14,1 ц/га.
309 га алқаптан 367,2 тонна көлемінде рапс жиналды, орташа өнімділік 12 ц/га.
Өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдырдан алынған өнімінің көлемі 169 пайызға жоғары, майлы дақылдар 136,3 пайызға жоғары.
Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері және жеке қосалқы шаруашылықтар 2024 жылы 157,7 т. шөп, 9,3 т. пішендеме, 15,5 т. сүрлем, 5,2 т. сабан, 9,1 т. жем дайындады.
Суармалы жерлерді дамыту
Аудан бойынша 5959,0 га суармалы жерлер бар. Суармалы жерлер негізінен аудандағы «Ақтоған», «Малобукень», «Ворошилов» каналдарынан келетін сумен суғарылады. Каналдар Үлкенбөкен, Көкжайық ауыл округтерінің аумағы арқылы өтеді. Бұл каналдардан 18 ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерінің жерлері және ауыл әкімшілігіне қарасты жерлер су алады.
«Елім-ай Көкпекті» ЖШС «Ақтоған», «Ворошилов» каналдары арқылы келетін сумен мал азығын дайындау үшін 1600 га жерді 25 жаңбырлатып суару машиналарын қолданып мол өнім алуға қол жеткізді. 2021 жылы америкалық 12 жаңбырлатып суару құрылғыларын алса, 2024 жылы 13 дана Түркиялық құрылғыларды 700,0 млн теңгеге сатып алды.
Топырақтың құнарлылығын арттыру
Ауданда жыл сайын топырақтың құнарлылығын арттыру үшін арамшөптерге қарсы және дақылдардың өнімділігін арттыру үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады. Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін басқа да агротехникалық жұмыстар жүргізіледі.
Жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету
2024 жылы Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері күзгі дала жұмыстарына 2200 тонна арзандатылған дизель отынына өтінім берген. Дизель отыны толығымен жеткізілді.
Ауылшаруашылық техника
Көкпекті ауданы бойынша машина-трактор паркінде:
- тракторлар 956 бірлік, оның ішінде доңғалақты 866 бірлік;
- комбайндар –165;
- жүк автомобильдері – 194;
- басқа техника – 4684 бірлік;
Сонымен қатар, аудан бойынша тұрақты машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, аудан бойынша сатып алынған жаңа техника:
- 2022 жылы – 80 бірлік, жалпы сомасы 2 103 млн. теңге;
- 2023 жылы – 73 бірлік, жалпы сомасы 1 586 млн. теңге;
- 2024 жылы – 86 бірлік, жалпы сомасы 2 088 млн. теңге.
Субсидиялау:
2024 жылды Мал шаруашылығы саласында аудан бойынша субсидиялауға барлығы 837 939,735 мың. теңгені құрайтын 144 өтінім орындалды:
Өсімдік шаруашылығы саласында 2024 жылы аудан бойынша барлығы 44 ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) 186,6 млн. теңгеге тұқымдарды субсидиялауға өтінім берілген. Бүгінгі күнге 17 АШТӨ өтінімдері қанағаттандырылып, 62,2 млн. теңге қаражат төленген. 27 АШТӨ өтінімдері резервке қойылған, қаржы көлемі 124,5 млн. теңге.
Сонымен қатар, ауданның 12 АШТӨ 72,6 млн. теңгеге минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінім берілген. Бүгінгі күнге 2 ауыл шаруашылғы тауарларын өндірушілерінің өтінімдері қанағаттандырылып, 19,0 млн. теңге қаражат төленген. 10 шаруашылық өтінімдері резервке қойылған, қаржы көлемі 53,5 млн. теңге.
2024 жылы «Көкпекті-Несие» ЖШС-і арқылы 1291,3 мың теңгеге несиеге барлығы 62 өтінім мақұлданды, оның ішінде:
«Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша ЖК «Димисинова» дәріхана жөндеу үшін «ForteBank» АҚ арқылы несие 2,0 млн. теңгеге қаржыландырылды. ЖК «Уйданова» «Халық банк» АҚ арқылы 20,0 млн. теңгеге қаржыландырылды. Несиенің негізгі бағыты халыққа қызмет көрсету болғаннан кейін, кафенің тағамдарын жоғары деңгейде ұсыну үшін қаржылық айналымын көбейту және жөндеу, тағам түрлерін ұлғайту бағытына қаржыландырылды.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылық техникаларын лизингке алу бойынша «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2024 жылы 1 млрд. 314 млн. 558 мың теңгеге әр-түрлі 57 бірлік және 2024 жылы шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен 774 млн. 78 мың 486 теңгеге 29 ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Аудан бойынша барлығы 86 бірлік техника алынды, жалпы сомасы 2 млрд. 88 млн. 636 мың 486 теңгені құрайды.
Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.