Білім бөлімі бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Абай облысы Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінің желісіне 18 жалпы білім беретін мектеп кіреді. Оның ішінде 11 орта, 4 негізгі 3 бастауыш мектеп. Оқушылардың болжамды контингенті 2202 оқушыны құрайды.
2024-2025 жылға Педагогтердің саны 413 мұғалімді құрайды. Санаттар бойынша: 1 – шебер педагог, 92 педагог-зерттеуші, 125 сарапшы, 80 модератор, 5 жоғары санатты, 9 бірінші және 9 екінші санатты, 92 санатсыз.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісіне 7 мекеме кіреді: 4 мемлекеттік балабақша, 4 жекеменшік балабақша. Жалпы тәрбиеленіп жатқан балалар саны 647 баланы құрады. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезектілік 1 жастан 3 жасқа дейінгі 174 баланы құрайды.
Ауданда "Оқушылар шығармашылық сарайы" қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда 1050 оқушы қосымша білім берумен қамтылған, оның ішінде 5 бағытта 60 - қа жуық үйірме қамтылған. Шығармашылық сарайының оқушылары: 13-халықаралық, 63-республикалық, 26-облыстық жүлделерге ие болды.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беруге ерекше көңіл бөлінеді Инклюзивті білім беру үшін ауданның 12 мектебінде жағдай жасалған. Үйде оқитын оқушылар саны 13 жәнеде аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-11 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
«Жаздық жолдама» жобасына сәйкес «Қазақстан Халқына» қоры есебінен Көкпекті ауданына 40 балаға квота берілді. Ондағы 10 бала «Арман Дала» сауықтыру лагеріне(Алматы облысы), 30 бала «Үржарайым» (Үржар ауданы) сауықтыру лагеріне барды. 112 бала Борадулиха ауданы «Ai Camp» сауықтыру лагеріне және 5 бала Астана күніне арналған «Астана-столица моей Родины» турына барды.
Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс мектеп қызметінің маңызды аспектілерінің біріне айналуда. Жыл бойы аудан оқушылары түрлі облыстық, республикалық олимпиадаларға белсенді қатысты. Олар: Президенттік олимпиада, «Зерде» конкурстық ғылыми жобалары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарына, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға, «Алтын қазына» байқауларына, «Табиғатты аяла», «IQanat» білім қоры», «Абай оқулары» олимпиадаларына 45 оқушы қатысып, оның 12-сі жүлделі орындарға ие болды. Облыстық олимпиадалар мен жарыстарға 502 оқушы қатысып, оның 105-і жүлделі орындарға ие болды.
Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мазмұнына сәйкес 4100-ға жуық іс шара өтті. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстары да жанданып өтуде. Көкпекті ауданы бойынша білім беру ұйымдарында білім алушылардың әлеуметтік жағдайы бойынша жалпыға міндетті оқу қорынан 590 бала мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 01-30 тамыз аралығында бюджеттен тыс/демеушілер тарапынан 187 балаға 2 млн 475 мың тг көмегі көрсетілді.
Аудан мектептеріндегі оқушыларды қосымша білім беру және спорттық секциялармен қамту үлесі 90 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың қараша айында өткен «AUYL SPORT-2024» ауыл балалары лигасында ауданымыздың оқушыларынан құралған командалар волейбол, еркін күрес сынды спорт түрлерінен жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Қазан айында Семей қаласында «Егемен елдің ертеңі – Жас сарбаз» атты облыстық патриоттар форумы аясында өткен «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынына оқушыларымыз қатысып, номинациялық, жүлделі І, ІІ орындарға ие болды. Желтоқсан айының 12-сі күні Көкпекті орта мектебінде Л.Фахрутдинов әскери-спорттық клубының 20 жылдығына арналған аудандық турнирі өткізілді.
Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінде 2024 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
|
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі |
Мектеп ғимаратының шатырын ауыстыру және От жағу ғимаратының шатырын ауыстыру |
|
Шәріптоғай негізгі мектебі |
От жағу ғимаратының мен мектеп ғимаратының электр жарығын ауыстыру |
|
Көкжайық орта мектебі |
Бу қазандығын ауыстыру және Жылыту жүйесін жөндеу |
|
Үлкенбөкен орта мектебі |
Қазандық жабдықтарын жөндеу |
|
Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі |
Электро қазандықтары ауыстырылды. |
|
Көкпекті орта мектебі |
Мектеп ғимаратының шатырын мен шатырын жабының жөндеу |
|
«Шуақты Шұғыла» балабақша |
Балабақша ғимаратының шатырын ауыстыру |
|
Көкпекті-Толағайы балабақша |
От жағу ғимараты мен бу қазандықтарын жөндеу жұмыстары |
|
І.Жансүгіров атындағы орта мектебі |
Ішкі жылу жүйелері ауыстырылды. |
Қосымша 2024 жылы Көкпекті, Үлкенбөкен және Абай атындағы мектеп – балабақша кешеніне жаңа парталармен орындықтар сатып алынды. Көкпекті, Көкжайық және Әуезов мектептерінің асханаларына құрал жабықтармен қамтылды және 3 мектепке кітапханаларына жиһаздармен жабықталды. Биылғы жылы Үлкенбөкен орта мектебіне ескірген автобустың орнына жаңа автобус сатып алынды.
Көкпекті ауданы Көкпекті селосында балалар лагерінің құрылысының 2025 - 2026 жылға жоспарлануда.