Көкпекті ауданында Мемлекеттік жастар жүзеге асырылу барысы туралы 2024 жылға ақпарат

Көкпекті ауданында Мемлекеттік жастар жүзеге асырылу барысы туралы 2024 жылға ақпарат

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581-ІІ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы негізінде 2024 жылы  аудандық жастар саясатын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде. 2013 жылы ауданда «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Аудандық жастар ресурстық орталығы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы негізінде жұмыс жүргізеді.

Ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 3239 адамды құрайды. Оның ішінде 1652  ерлер, 1587 қыз балалар. Аудан жастарының 1806 жұмысшы жас, 611 студент, 14-18 жас аралығында 658 оқушы жас, 91 мүгедек жас және 73 жұмыссыз және өзін-өзі қамтығандар жас бар.

Жастар жұмыссыздығын азайту және жұмыспен қамтылмаған жастар арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сай мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды өткізілуде.

«Жастар тәжірибесі» бойынша- 22 адам жұмысқа орналасты, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша - 8, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында  1 адам жұмыспен қамтылды.

Биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарында 90 сарбаз ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен айналысты. Бұған аудандық бюджеттен - 7 млн.650 мың теңге, облыстық бюджеттен 3 млн.825 мың тг. бөлінді.  Олардың жалақысының 60% - аудандық әкімдік, 40% -   облыстық «Жасыл ел» жастар еңбегі жасағы штабы есебінен төленді.   

Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауданда спорт және шығармашылық үйірмелер жұмыс жасауда. Ұлттық ойындар орталығындағы  7 үйірмеде бүгінгі күні 80 аса бала ұлттық ойындармен шұғылданса, Балалалар шығармашылық сарайының 58 үйірмесінде 1021 бала,  балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі күні 8 спорт үйірмесінде 796 бала білім алуда. 

Одан бөлек, аудан көлемінде 11 ауылдық клуб және 55 спорт нысаны бар. Оның ішінде балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 3 спорт залы, мектептердегі 17 спорт залы, 10 хоккей қорапшасы, 1 кіріктірілген спорт залы (Толағай ауылы), 23 жазықтық құрылым, 1 ипподром.  Барлық спорт нысандарында халықтың келуіне жағдай жасалып, келу кестесі бекітілген. Сонымен бірге, Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Кино кеш» акциясы ұйымдастырылып, кино көрсетілуде.

Жастар арасында лудоманияның алдын алу мақсатында аудандық Жастар ресурстық орталығымен «Street Work out» спорт түріне жарыс ұйымдастырылып, құмар ойындардың қоғамға әкеліп жатқан зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Теңбіл доп» атты футзалдан турнир, «Дені сау ұлт» тартылудан жарыстар ұйымдастырылды. Одан бөлек, Ішкі саясат басқармасы тапсырысы бойынша «СОЦ» ЖШС аудан жастарымен нашақорлық және алкоголь өнімдерінің зияны тақырыбы бойынша   аудан жастарымен кездесу өткізіп, жастар арасында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырды.

Сонымен бірге, биылғы жылы мемлекеттік жастар саясаты саласында  нашақорлық және алкоголь өнімдерінің зияның, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Жақындама» филмі түсіріліп, аудан тұрғындарына 5 көрсетілім ұйымдастырылды.

Аудан аумағында жастарды жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар керуені» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында арнайы шақыртылған «Отбасы» банкі, кәсіпкерлер палатасы, мәнсап орталығы және экономика бюджеттік жоспарлау бөлімінің мамандары жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жастарды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 50 жуық жастар сенбілігі ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сәуір айында «Парктер шеруі - 2024», «Мөлдір бұлақ», мамыр айында «Таза өлке», «Бұлақ көрсең көзің аш», маусым айында «Таза жағалау» атты акциялары ұйымдастырылып,жылды қорытындылау мақсатында «Жастар тәуелсіздік жалғасы» атты жастар форумы ұйымдастырылып белсенді жастар марапатталып,   850-ге  жуық жас қамтылды. 

Аудан жастары аудандағы қайырымдылық шараларынан да шет қалған емес. Жыл басынан бері ауданның білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, 32 жалғызбасты ата-апаларымызға «Үлкенге құрмет» акциясы аясында көрмек көрсетілді. Қыс мезгілінде жолда қалған жолаушыларға және көктемгі су тасқыны кезеңінде қиын жағдайға тап болған аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының волонтерлары алдынғы шепте қызмет істеді. Аудандық арнаулық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тәрбиеленушілеріне «Бар  мейіріміміз балаларда» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, ауа райы қолайсыз күндері аудан жастарымен «Тегін такси» атты акциясы ұйымдастырылды. 

Жалпы жыл басынан бері мемлекеттік жастар саясаты саласында 92 іс-шара ұйымдастырылды.Оның ішінде : Спорттық - 20, мәдени - 47, танымды-интеллектуалды - 25.

Көкпекті ауданында Мемлекеттік жастар жүзеге асырылу барысы туралы 2024 жылға ақпарат
Дата публикации
13 января 2025