Отбасылық және гендерлік саясат саласында 2024  жылы Көкпекті ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Отбасылық және гендерлік саясат саласында 2024  жылы Көкпекті ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

Көкпекті ауданында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия» және «Іскер әйелдер клубы» жұмыс атқарады. 2016 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хаттамасын орындау барысында және жүйелі жұмыс жүзеге асыру үшін 2024 жылға арналған жылдық жоспар құрылып, бекітілді. 2024 жылы  комиссияның 4 отырысы өткізіліп, 10 сұрақ қаралды. Комиссия отырысында әйелдерді жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әйелдердің бос уақытын тиімді пайдалану, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес және кәсіпкер әйелдерді қолдау сұрақтары қарастырылды.

Көкпекті ауданында әйелдер саны – 6601 адам, жалпы халық санының 50,2 % құрайды. Жыл басынан бері отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты құқық қорғау органдарына жәбірленген азаматтар саны -81 азамат. Аудандық полиция бөлімінде қорғау нұсқамасында -72 әйел адам бар.  Сот шешімімен ерекше талап қойылғандар саны– 41 адам (ер азаматтарға ішімдік ішуге шектеу қойылды). 

Көкпекті ауданы бойынша 2024 жылдың басынан бастап, 28 отбасы некеге тұрып, 35 отбасы ажырасты. 107 бала дүниеге келіп, 70 адам қайтыс болды.

Көкпекті ауданы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен 2 әйел ана құқығынан айырылды.

Зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, 7 шара ұйымдастырылып, аудан бойынша 3 баннер ілінді.

Жыл басында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  бастамасымен аудандық орталық мешітімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау мақсатында ағымдағы жылдың басында «Жақсылыққа жарасайық» атты қайырымдылық акциясы сәтті жүзеге асырылды. Қ.Алтынбаев аудандық мәдениет үйінде «Анам, әкем, мен - спорттық отбасы» айдардан «Көңілді старттар» астында спорттық іс-шара өткізілді. 1 наурыз Алғыс айту күніне орай  жеке кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыларға ата-аналық көмек көрсетті, мүмкіндігі шектеулі алты балаға әлеуметтік пакеттер берілді, жалғызбасты зейнеткерлерге жолдарын қардаң тазалау көмегі көрсетілді.

Көкпекті аудандық мешітінің және Көкпекті аудандық «АСЫЛ АНА» қоғамдық бірлестігімен бірге, 2024 Ислам және Дәстүр құндылығы аясында, Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тұсаукесер рәсімі жасалды.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық мәдениет үйі және «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2024 жылғы 16 қазан күні  Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Ас атасы -нан» атты аудандық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

2024 жыл қорытындысы бойынша аудандық газетінде отбасылық және гендерлік саясат саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 14 мақала, әлеуметтік желілерде 83 пост жарияланды.

 

Отбасылық және гендерлік саясат саласында 2024  жылы Көкпекті ауданы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
13 января 2025