Көкпекті ауданында үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс туралы ақпарат
Көкпекті ауданында 6 қоғамдық бірлестік және 1 қоғамдық қор тіркелген.
Бүгінгі таңда Көкпекті ауданында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл орнату мақсатында 6 қоғамдық бірлестіктің төрағаларымен 3 кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандағы өзекті мәселелер талқыланып, бірлескен жұмыс жоспарлары қаралды.
2024 жылы Көкпекті ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны іске асыру үшін аудандық бюджеттен 3 млн.теңге қаражат бөлінді.
3 лот бойынша мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Алайда Көкпекті ауданының Прокуратурасының наразылығына сәйкес 2 лот тоқтатылды, 1 лотқа тапсырыстар түскен жоқ.