Мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстар

Көкпекті ауданында мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстар

 

Көкпекті ауданында халыққа мәдени рухани қызмет көрсетуде аудандық Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб пен 9 орталықтандырылған кітапхана жүйесі, мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді.

Биылғы жыл басынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелері жылдық жоспарға сәйкес аталып өткізілді.

 Биыл  өткізілген атаулы ірі шараларды айта кетсек:

 «Батыр бабалар жолымен» атты тарихи-танымдық экспедициясы келіп, Көкпекті ауданының тарихи жерлерін  аралады.

1-шілде Домбыра күніне орай «Домбыра» ұлттық телеарнасы келіп ауданымыздың тарихы мен мәдениеті жайында түсірілім жасады.

2 тамыз күні ономастика мәселелеріне қатысты Қазақстандық топонимдік жүйесін диахрониялық тұрғыдан зерттеу мақсатында «Ономастика одағы» қоғамдық бірлестігі келіп, Көкпекті ауданының тарихи жерлері жайында ақпарат жинастырды.

Мемлекеттік «Алаш» сыйлығының лауреаты, журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз Нұржан Қуантайұлының шығармашылығына арналған I-ші «Тәуелсіздіктің тау тұлғасы» атты республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өткізілді.

Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Аламан құрақ тігуден жерлестеріміз Жунусбаева Бахытжан Задаевна және Сарманова Балнұр Біржанқызы қатысып Қазақстанның «Кинэс» рекордтар кітабына енді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 24 күні Оқуышлар шығармашылық сарайында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

2026 жылға Толағай және Мамай ауылдық клубтарының құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстар
Дата публикации
06 января 2025