Тілдерді оқыту орталығы
Көкпекті ауданының мемлекеттік және тілдерді оқыту орталығы» КММ –ның қаңтар-желтоқсан айлары бойынша 12 атаулы іс-шара, 2 диктант, 3- көрнекі ақпарат бойынша мониторинг, 2- сайыс сабақ, 1- Казтест өтті.
Казтест жүйесі бойынша Көкпекті ауданының мемлекеттік мекеме және дербес бөлім қызметкерлері арасында сертификаттық тестілеу түрінен – 4 адам, және диагностикалық тестілеу түрінен -71 адам өтті.
Ағылшын тілін оқыту курсы бойынша 2023-2024 оқу жылында тыңдаушылар саны 32 адамды құрайды. Ағылшын тілін оқу курстары аптасына 3 рет, аптаның сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері өтеді.
Көкпекті аудандық тарихи – өлкетану мұражайы
Мұражай қорында 2024 жылға 3902 экспонат (жәдігер) тіркелген. 2024 жылдың қазан айына дейін 32 экспонатқа толықтырылды.
Мұражайға қаңтар-желтоқсан айларында 821 келушілер тіркелді. 2024 жылғы оқу жылына бекітілген кесте бойынша мектеп оқушыларының саны – 363. Жалпы келушілерге экскурсия саны - 458. 2024-2025 оқу жылдарына бекітіліген кестеге сәйкес мектеп оқушыларына - 21 экскурсия өткізілді.
10 айдың қорытындысы бойынша бекітілген жылдық жоспарға сәйкес 17 іс – шара, 9 - тақырыптық көрме өткізілді.