Кітапхана
Көкпекті ауданы бойынша жалпы кітап қоры – 177564 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар саны - 62949 дананы құрайды. Балалар әдебиеті – 37536 дана, мемлкеттік тілде – 12981 дана.
2024 жылы қаңтар-желтоқсан айларында кітап қоры 844 дана кітаппен толықтырылды.
2024 жыл бойынша Көкпекті аудандық кітапханаларында тіркелген оқырмандардың жалпы саны- 7871, кітапханаларға келушілер саны-49475адамды құрады. Қаңтар-желтоқсан айларынының қорытындысы бойынша 159 көпшілік мәдени іс -шара өткізіліп, 3977 адам қамтылды.
Самбо саңлағы, КСРО спорт шебері Тлебалдин Серік Асырандыұлының «Қазақстанның алтын кітабы» энциклопедиясына енгізілуіне орай кітаптың тұсаукесері және Қазақстан журналисттер одағының мүшесі ақын, драматург Сапышев Айбек Тлеуханұлының екі томдық кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. «Бір ел – бір кітап 2024» акциясы бойынша балалар әдебиетінің классигі, қазақ прозасына ерекше өрнек әкелген көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы арналған ақпараттық-дайджест өтті. Барлық кітапханаларда Кеңес одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына арналған челендждер ұйымдастырылды.
Оқу мәдениетін қолдау және дамыту мақсатында ұйымдар мен мекемелер арасында «Оқитын ұжым» жобасы бастау алды.