КМҚК «Мәдениет орталығы»
2024 жылдың 12 айында мәдениет ошақтарында аудан тұрғындарын мәдени - демалыс іс-шараларымен қамтамасыз ету бойынша - 302 іс-шара өткізілді, қатысушылар саны – 17813 адамды құрады.
КМҚК «Мәдениет орталығында» 50 көркемөнерпаздар бірлестігі жұмыс істейді. Орталық Көкпекті мәдениет үйінде 16 көркемөнерпаздар бірлестігі: оның ішінде 14 көркемөнерпаздар ұжымдары және 2 әуесқой бірлестігі бар.
1 наурыз алғыс айту мерекесіне орай «Ақ бата –асыл мұра» атты бата беру байқауы, «Мен қазақтың қызымын» атты жас ару қыздардың арасындағы аудандық байқау, нан күніне арналған «Ас атасы – НАН» аудандық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Семей қаласының 5511 әскери бөлімінің «Шығыс» Республикалық Ұлттық ұлан ведомствосының әскери оркестрінің концерті, Ақсуат халық театры әртістерінің «Тағдыр» спектакілі мәдениет үйінде көрсетілді.
2024 жылғы 25-30 желтоқсан аралығында Қ. Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан орталығы мекемелері қызметкерлерінің және мектеп балаларына жаңа жылдық мерекеге арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгіліктер өтетін болады. Уақыт бойынша ертеңгіліктерді өткізу кестесі сағат 9:00 ден 18:00 дейін аралықты қамтиды.
2024 жылдың 31 желтоқсаныңдааудандық мәдениет үйінде «Жаңа жылда-жаңа арман» атты Жаңа жылдық бал-маскарад өтетін болады. Мерекелік киім үлгісімен келген адамдарға бағалы сыйлықтар табысталып, Жаңа жылдық кеште отшашу ұйымдастырылатын болады.