Көкпекті ауданында мәдениет және спорт саласы бойынша атқарылған жұмыстар және қараша-желтоқсан айларындағы мерекелік шаралар жоспары
Көкпекті ауданында халыққа мәдени рухани қызмет көрсетуде аудандық Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб пен 9 орталықтандырылған кітапхана жүйесі, мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді.
Биылғы жыл басынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелері жылдық жоспарға сәйкес аталып өткізілді.
Биыл өткізілген атаулы ірі шараларды айта кетсек:
«Батыр бабалар жолымен» атты тарихи-танымдық экспедициясы келіп, Көкпекті ауданының тарихи жерлерін аралады.
1-шілде Домбыра күніне орай «Домбыра» ұлттық телеарнасы келіп ауданымыздың тарихы мен мәдениеті жайында түсірілім жасады.
2 тамыз күні ономастика мәселелеріне қатысты Қазақстандық топонимдік жүйесін диахрониялық тұрғыдан зерттеу мақсатында «Ономастика одағы» қоғамдық бірлестігі келіп, Көкпекті ауданының тарихи жерлері жайында ақпарат жинастырды.
Мемлекеттік «Алаш» сыйлығының лауреаты, журналистер одағының мүшесі, жерлесіміз Нұржан Қуантайұлының шығармашылығына арналған I-ші «Тәуелсіздіктің тау тұлғасы» атты республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өткізілді.
Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Аламан құрақ тігуден жерлестеріміз Жунусбаева Бахытжан Задаевна және Сарманова Балнұр Біржанқызы қатысып Қазақстанның «Кинэс» рекордтар кітабына енді.
2026 жылға Толағай және Мамай ауылдық клубтарының құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
КМҚК «Мәдениет орталығы»
2024 жылдың 10 айында мәдениет ошақтарында аудан тұрғындарын мәдени - демалыс іс-шараларымен қамтамасыз ету бойынша - 229 іс-шара өткізілді, қатысушылар саны – 13015 адамды құрады.
КМҚК «Мәдениет орталығында» 50 көркемөнерпаздар бірлестігі жұмыс істейді. Орталық Көкпекті мәдениет үйінде 16 көркемөнерпаздар бірлестігі: оның ішінде 14 көркемөнерпаздар ұжымдары және 2 әуесқой бірлестігі бар. .Алтынбаев атындағы Мәдениет үйі:
1 наурыз алғыс айту мерекесіне орай «Ақ бата –асыл мұра» атты бата беру байқауы, «Мен қазақтың қызымын» атты жас ару қыздардың арасындағы аудандық байқау, нан күніне арналған «Ас атасы – НАН» аудандық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Семей қаласының 5511 әскери бөлімінің «Шығыс» Республикалық Ұлттық ұлан ведомствосының әскери оркестрінің концерті, Ақсуат халық театры әртістерінің «Тағдыр» спектакілі мәдениет үйінде көрсетілді.
Кітапхана
Көкпекті ауданы бойынша жалпы кітап қоры – 177944 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар саны - 62404 дананы құрайды. Балалар әдебиеті – 37376 дана, мемлкеттік тілде – 12850 дана.
2024 жылы қаңтар-қазан айларында кітап қоры 844 дана кітаппен толықтырылды.
2024 жыл бойынша Көкпекті аудандық кітапханаларында тіркелген оқырмандардың жалпы саны-6582, кітапханаларға келушілер саны-49475адамды құрады. Қаңтар-қазан айларынының қорытындысы бойынша 158 көпшілік мәдени іс -шара өткізіліп, 3909 адам қамтылды.
Самбо саңлағы, КСРО спорт шебері Тлебалдин Серік Асырандыұлының «Қазақстанның алтын кітабы» энциклопедиясына енгізілуіне орай кітаптың тұсаукесері және Қазақстан журналисттер одағының мүшесі ақын, драматург Сапышев Айбек Тлеуханұлының екі томдық кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. «Бір ел – бір кітап 2024» акциясы бойынша балалар әдебиетінің классигі, қазақ прозасына ерекше өрнек әкелген көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы арналған ақпараттық-дайджест өтті. Барлық кітапханаларда Кеңес одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына арналған челендждер ұйымдастырылды.
Оқу мәдениетін қолдау және дамыту мақсатында ұйымдар мен мекемелер арасында «Оқитын ұжым» жобасы бастау алды.
Тілдерді оқыту орталығы
Көкпекті ауданының мемлекеттік және тілдерді оқыту орталығы» КММ –ның қаңтар-қазан айлары бойынша 11 атаулы іс-шара, 2 диктант, 3- көрнекі ақпарат бойынша мониторинг, 2- сайыс сабақ, 1- Казтест өтті.
Казтест жүйесі бойынша Көкпекті ауданының мемлекеттік мекеме және дербес бөлім қызметкерлері арасында сертификаттық тестілеу түрінен – 4 адам, және диагностикалық тестілеу түрінен -71 адам өтті.
Ағылшын тілін оқыту курсы бойынша 2023-2024 оқу жылында тыңдаушылар саны 32 адамды құрайды. Ағылшын тілін оқу курстары аптасына 3 рет, аптаның сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері өтеді.
Көкпекті аудандық тарихи – өлкетану мұражайы
Мұражай қорында 2024 жылға 3902 экспонат (жәдігер) тіркелген. 2024 жылдың қазан айына дейін 32 экспонатқа толықтырылды.
Мұражайға қаңтар-қазан айларында 821 келушілер тіркелді. 2024 жылғы оқу жылына бекітілген кесте бойынша мектеп оқушыларының саны – 363. Жалпы келушілерге экскурсия саны - 458. 2024-2025 оқу жылдарына бекітіліген кестеге сәйкес мектеп оқушыларына - 21 экскурсия өткізілді.
10 айдың қорытындысы бойынша бекітілген жылдық жоспарға сәйкес 17 іс – шара, 9 - тақырыптық көрме өткізілді.