Абай облысы Көкпекті ауданыТеректі және Үлкенбөкен ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
"ҚазақстанРеспубликасындағысайлаутуралы" ҚазақстанРеспубликасыКонституциялықзаңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы23 қазанда Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 1 желтоқсанға Абай облысы, Көкпекті ауданы, Теректі және Үлкенбөкен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындады.
2024 жылдың 24 қазанынан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2024 жылдың 5 қараша жағдай бойынша Теректі ауылдық округіне 3 кандидат ұсынылды. 3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
2024 жылдың 5 қараша жағдай бойынша Үлкенбөкен ауылдық округіне 3 кандидат ұсынылды. 3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 5 қараша сағат 18:00-де аяқталды.
Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы