«Абай облысы Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Абай облысы Көкпекті ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры азаматтық қызметшісі бос лауазымына орналасуға, жалақысы 144 803 теңгеден 175 570 теңгеге дейінгі азаматтық қызметші бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері: қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар:
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Талапкерлерге қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «ҚР Еңбек кодексі», «Бюджет кодексі» заңдарын білу Осы мекеменің қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заңын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы білу.
Конкурс «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысушы конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсына алады, құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 23 қыркүйектен басталады
Мекенжайымыз: Абай облысы, Көкпекті ауданы, Шериаздан көшесі, 44 «а».
Анықтама телефондары: 8 (72-348) 2-12-95, факс: 8 (72-348) 2-21-93.
Электрондық пошта: kokpekty_ovp@mail.ru