Абай облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 14 тамызда Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15 қыркүйекке Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
2024 жылдың 15 тамыздан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2024 жылдың 24 тамызға жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды.
4 кандидат өзін-өзі ұсынды. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 23 тамызда сағат 18:00-де аяқталды.
Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы