Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай және Шұғылбай ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 31 шілдеде Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 8 қыркүйекке  Абай облысы, Көкпекті ауданы, Тассай және Шұғылбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.

2024 жылдың 1 тамыздан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 14 тамызға жағдай бойынша 6 кандидат ұсынылды.

4 кандидат өзін-өзі ұсынды, 2 кандидат - «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 13 тамызда сағат 18:00-де аяқталды.

 

Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 августа 2024