Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 3-тармағына және 1-тармағының 3) тармақшасына, 113-3-бабының 5-тармағына, 113-5-бабының 14-тармағына сәйкес Көкпекті ауданы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 15 тамыздан 2024 жылғы 23 тамызға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 25 тамызға дейін белгіленсін.
  3. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. Осы қаулы Көкпекті ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Жұлдыз» - «Новая Жизнь» газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                    Е.Оразханов                                       

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                    Б.Адыльханов                     

 

 

 

 

Көкпекті ауылы

2024  жылғы 14 тамыз

№8

Дата публикации
14 августа 2024