Абай облысы Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Көкпекті ауданының Тассай және Шұғылбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көкпекті ауданыныңТассай және Шұғылбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылдың 8 қыркүйегіне тағайындалсын.
- 2024жылғы 8 қыркүйекке тағайындалған Көкпекті ауданыныңТассай және Шұғылбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Көкпекті ауданыныңаумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және аудандық «Жұлдыз» - «Новая Жизнь» газетінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Е. Оразханов
Сайлау
комиссиясының хатшысы Б. Адыльханов
Көкпекті ауылы
2024 жылғы 31 шілде
№ 6