Абай облысы Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Көкпекті ауданының Тассай және Шұғылбай ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тассай және Шұғылбай ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:
Тассай ауылдық округінің әкімі – Тассай ауылдық округінің шекарасындағы Тассай сайлау округі;
Шұғылбай ауылдық округінің әкімі – Шұғылбай ауылдық округінің шекарасындағы Шұғылбай сайлау округі.
Сайлау комиссиясының
төрағасы Е. Оразханов
Сайлау комиссиясының
хашысы Б. Адыльханов
Көкпекті ауылы
31 шілде 2024 жыл
№ 5