Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалары» (бұдан ары Қағида) бекітілген болатын.
Осы Қағидаға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 82 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен өзгерістер енгізілген.
Осы Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес «Елді елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі болып өзгертілді. Дегенмен мемлекеттік қызмет көрсету принципі өзгерген жоқ.
"Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
Осы Қағидаларға сәйкес жер қатынастары саласында барлығы 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 5 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен көрсетіледі («Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау», «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру», «Жер учаскесінің сапалы жай-күйі туралы мәліметтер беру», «Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу», «Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзекті ету (түзету)»).
Төмендегі кестеде жергілікті атқарушы органдар мен жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган көрсететін 12 мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың қысқаша тізімі келтірілген.
|
№ |
Мемлекеттік қызметтің атауы |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Төлем мөлшері |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
|
1 |
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
Тегін |
10 (он) жұмыс күні ішінде |
|
2 |
Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы
|
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
Тегін |
4 (төрт) жұмыс күні |
|
3 |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде
|
Тегін
|
1) егер елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту болса – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейін; 2) егер елді мекеннің шегінен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту болса – 16 (он алты) жұмыс күніне дейін |
|
4 |
Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы |
Электрондық (толық автоматтандырылған) |
Тегін |
10 (он) жұмыс күні |
|
5 |
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру |
Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
Тегін |
Күнтізбелік 30 (отыз) күн |
|
6 |
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру |
Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органы, кенттің, ауылдың әкімі
|
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде
|
Тегін |
Бірінші кезең: 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде
|
|
7 |
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
|
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы |
электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
Тегін
|
Бірінші кезең: 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
|
8 |
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы |
Қағаз түрінде |
Тегін |
Күнтізбелік 15 (он бес) күн |
|
9 |
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
Тегін |
5 (бес) жұмыс күні. |
|
10 |
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы |
электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
Тегін |
5 (бес) жұмыс күні |
|
11 |
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қалалар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы |
Электрондық (ішінара) автоматтандырылған) |
Тегін |
20 (жиырма) минут ішінде |
|
12 |
Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу |
Облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
Тегін |
Бірінші кезең: 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: 6 (алты) жұмыс күні ішінде |
Жергiлiктi атқарушы органдармен және жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 69 мекен-жайында орналасқан, «Абай облысы Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуге болады.