Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы №61 «Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысын жою туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабының 3- тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көкпекті ауданы әкімдігінің «Көкпекті ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» 2017 жылғы 9 наурыздағы №61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4928 болып тіркелген) қаулысын күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысы Бек Назарбекович Нугыбаевке жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Дата публикации
11 марта 2024