Көкпекті ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
1) 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/2 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету талаптары, пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 7376 болып тіркелді);
2) Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/2 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету талаптары, пикет өткізу тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қазанда № 7707 болып тіркелді) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
|
Лауазымы |
АЖТ |