БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ Көкпекті ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына  сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көкпекті ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары (шегі) белгіленсін:

         1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1 қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 12 612,5733 гектар Көкпекті ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін;

         2) осы бірлескен қаулы мен шешімнің  2  қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 8 353,56 гектар Үлкенбөкен ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін;

         3) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3 қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 29 734,61 гектар Көкжайық ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін;

         4) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4 қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 36 179,04 гектар Тассай ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін;

         5) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 5 қосымшаларына сәйкес жалпы алаңы 6 577,73 гектар Теректі ауылдық округінің шекарасы (шегі) белгіленсін.

  1. «Абай облысы Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы бірлескен Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысы және Көкпекті ауданы мәслихатының шешімін Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

     

         2) осы бірлескен қаулы мен шешім Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуына бақылау Көкпекті ауданының әкімінің орынбасары Максат Сайлаугазыевич Суйесиновқа  жүктелсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

Дата публикации
19 февраля 2024