Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

               Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге          

                                    асыру үшін орындарды белгілеу туралы

 

           Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 31 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы»  Заңының 8 бабының 3) тармақшасына, 27 бабына, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика  Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы  № 264  (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген  ішкі  сауда қағидаларының 102 тармағына сәйкес, Көкпекті  ауданының елді мекендері аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Көкпекті ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көкпекті ауданы елді мекендерінің аумағында көшпелі сауданы

жүзеге асыруға арналған орындар осы қаулының  қосымшасына сәйкес белгіленсін.

  1. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі»

мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

  • Абай облысының әділет Департаментінде осы қаулының мемлекеттік

тіркелуін;

  • Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн

ішінде, оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын  мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберілуін;

  • Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің

интернет-ресурсында  орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  • Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Көкпекті ауданы

әкімінің орынбасары Мақсат Сайлаугазинович Суйесиновке жүктелсін.

           5) Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамызындағы № 285 Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6)  Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Әкім                                                                                                           Д.Оразбаев

 

 

 

                                                                  Көкпекті ауданы әкімдігінің

                                                                  2024 жылғы «__» қаңтары №                       

                                                                  қаулысына қосымша  

 

 

 

 

 

 

 

    Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы

              жүзеге асыруға арналған  орындар тізбесі

 

  1. Преображенка ауылының заречка көшесінің бойындағы

мәдениет үйі ғимаратының іргелес аумағында;

  1. Үлгілімалшы ауылында мәдениет үйінің жанында;
  2. Көкпекті ауылында Авдеев көшесінің бойындағы  «Градус»

дүкенінің жанында;

  1. Теректі ауылында Бірлік көшесінің бойындағы «Дана»

дүкені жанында;

  1. Биғаш ауылында М.Цепура көшесінің бойындағы  «Раушан»

дүкені жанында;

  1. Тассай ауылында  М.Төлегенов көшесінің бойындағы

«Жайдары» дүкені жанында;

  1. Үлкенбөкен ауылында Киров көшесінің бойындағы мектеп

ғимаратына қарама-қарсы;

  1. Көкжайық ауылында Саяхимов көшесінің бойында «Айя»

дүкеніне қарама-қарсы;

  1. Шұғылбай ауылында Валиханов көшесінің бойындағы

мәдениет үйінің  жанында;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 января 2024