Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/2 «Көкпекті ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-15-120 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т. Сарманов