Көкпекті ауданы бойынша қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Көкпекті ауданы бойынша қоғамдастық жиналысының Регламенті бекітілсін.
  2. . Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                                               Т. Сарманов

Дата публикации
18 января 2024