Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы 9 айдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы мәліметтер.

  1. Жал пыережелер

 

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: есепке Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы 9 айға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

«Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық таралу, Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп сату, Жер учаскесін алуға кезекке қою.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны- 0.

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: тегін - 2, ақылы - 0 «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».

   Е- лицензирование нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны- 2. Барлық 2 қызмет Е – лицензирование және электронды түрде көрсетілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-2.

 

3) Барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.

2023 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша осы салада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 2 құрады: Мемлекеттік корпорация арқылы -0; электрондық түрде – 0,  Е- лицензирование- 2 қызмет.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан стендтерден алуға болады. Көкпекті ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz. Тассай ауылдық округі әкімдігінің Инстаграмм парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша.

Ауыл әкімдігінің ғимаратында стендте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, қызметтің белгілі бір түрін көрсететін мамандар туралы ақпарат орналастырылған.

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында 1 "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Есепті кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы -4530 электрондық қызмет көрсетілді.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялау, талқылау туралы ақпарат.

Жария етіп, талқылауға арналған мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер Көкпекті ауданының сайтында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында халықпен 3 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

     Тассай ауылдық округі әкімінің аппаратымен барлық мемлекеттік қызметтер ережеге сәйкес көрсетіледі.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен мамандар саны -1, Кайкибаева Салтанат Каримжановна бас маман "Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара әрекеттесу" 2021 жылғы 23-25 сәуірде "Фирма конструктивті шешім" ЖШС-де біліктілігін арттырды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). 2023 жылы «Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де тіркелген шағымдар жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілген жоқ.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

 

Көрсетілетін қызметті алушыларды көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын уақтылы орналастыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған:

- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларындағы өзгерістер мен толықтыруларды назарда ұстау;

- Аудан әкімінің ресми сайтындағы, инстаграм әлеуметтік желілеріндегі, ақпараттық стендтердегі ақпараттарды  өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес  жаңарту;

- Көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бейнероликтер, буклеттер дайындау;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай облысы Көкпекті ауданының

Тассай  ауылдық округі әкімдігінің

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

қызмет көрсету мәселелері бойынша

2023 жылға қызмет есебіне

Қосымша

 

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

мемлекеттікқызметкөрсетумәселелерібойынша

 

Шағымданушытуралымәліметтер

Шағымныңмәні

Шағымдықарағанжәне (немесе) шешімқабылдағанорган (ұйым)

Қараукүні

Шағымдықарауқорытындысыбойыншақұжаттың №

Қабылданғаншешім

Қабылданғаншешімдіқайтақараутуралымәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
24 октября 2023