1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: есепке Абай облысы Көкпекті ауданы жер қатынастыры бөлімінің 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларында» жалпы 15 мемлекеттік қызметтің қағидасы бекітілген.
Соның ішінде, «Абай облысы Көкпекті ауданы жер қатынастыры бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысты жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне мынадай мемлекеттік қызметтер кіреді: жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату, жер учаскесін алу үшін кезекке қою. Оның ішінде тек «Абай облысы Көкпекті ауданы жер қатынастыры бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетік қызмет - жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту.
Мемлекеттік қызметтер саны - 9.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 6.
Қағаз түрінлде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 1.
Қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 2.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: тегін - 9, ақылы - 0.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-5.
3) Барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 754 құрады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: жер қатынастыры бөлімінің5имаратында орналасқан стендтерден алуға болады, Көкпекті ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша.
Жер қатынастары бөлімінің стендінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялау, талқылау туралы ақпарат.
Жария етіп, талқылауға арналған мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер Көкпекті ауданының сайтында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болуын арттыру мақсатында халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Жер қатынастары бөлімімен барлық мемлекеттік қызметтер ережеге сәйкес көрсетіледі.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен мамандар саны -1, Кунанова Жанна Бакытбековна бас маман «Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметтер және қызмет тұтынушыға бағдарлану» 2022 жылғы 1-3 наурызда «ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» ШҚО бойынша филиалында біліктілігін арттырды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). 2022 жылы «Абай облысы Көкпекті ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-де тіркелген шағымдар жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау болған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау Шығыс-Қазақстан обласы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімімен 2022 жылдың сәуір айында жүргізілді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілген жоқ.
Көрсетілетін қызмет алушыларды көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын уақтылы орналастыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларындағы өзгерістер мен толықтыруларды назарда ұстау;
- Аудан әкімінің ресми сайтындағы, ақпараттық стендтердегі ақпараттарды өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жаңарту;
- Көрсетілетін қызметті алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бейнероликтер дайындау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Абай облысы Көкпекті ауданының
Жер қатынастары бөлімімен
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
қызмет көрсету мәселелері бойынша
2022 жылға қызмет есебіне
Қосымша
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
|
Шағымданушы туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |