Көкпекті аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

ҚАУЛЫ №14

Көкпекті ауылы                                                                                            30.12.2022

 

Көкпекті аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық сайлау округтері бойынша округтік

сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес,  Көкпекті аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №13 «Көкпекті аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Көкпекті аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық сайлау округтерінде 10 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Көкпекті аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Көкпекті аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Көкпекті аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комиссия

төрағасының орынбасары                                                      Г. Акшабаева                         

 

Комиссия хатшысы                                                                  Е. Оразханов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2022