Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Көкпекті аудандық мәслихатының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-15-119 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.