Шығыс Қазақстан облысында Көкпекті ауданы 14,58 мың текше километр аумақты алып жатыр.
Ауданда 17 ауылдық (кенттік) округ, 52 елді мекендер бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айында 4 245,5 млн. (123,7% өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда) қолданыстағы бағалары. Кен өндіру өнеркісібі және карьерлерді қазу 133,2%, өндіріс өнеркәсібі 93,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 109,5%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 97,7% құрайды.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 7 181,3 млн. теңгені құрады (145,1% өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда). Орындалған құрылыс жұмыстары (жеке меншік) көлем көрсеткіштері 4 704,8 млн. тенге, өткен жылға 2 918,6 млн.тенге, нақты көлемінің индексі 157,4% құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 16 261,5 тонна (2018 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6%-ды) құрады.
67 382,4 тонна (102,7%) - сүт өндірісі.
11 872,0 мың дана (104,8%) – жұмыртқа.
2019 жылдың қантар- желтоқсанда ірі қара мал басы 4,4%, сиыр басы 0,2%-ға, жылқы басы 3,6% -ға, құс басы 0,5%-ға өсті, шошқа басы 8,2%-ға, қой мен ешкі саны 2,4%-ға төмендеді.
2019 жылдың қаңтар- қыркүйек айларында орташа еңбек ақы мөлшері 108 408 теңге құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%- ға ( 99 854 теңге) өсті.
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 1,8%, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 2,2%-ға өсті.
2019 жылдың желтоқсан айындағы тұтыну бағасының көрсеткіштері ШҚО бойынша 105,5% мөлшерін құрады.