№81 ҚАУЛЫ
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Көкпекті аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
13 қазан 2026 ж. Көкпекті ауылы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Көкпекті аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы Көкпекті аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінде жариялансын.
|
Төраға |
Е.Оразханов |
|
|
|
|
Хатшы |
Б.Адыльханов |
|
|
|