Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 13 «Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Көкпекті ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» №13 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

Жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Қаулы Көкпекті аудандық мәслихатқа жіберілсін.

3. Осы қаулы Көкпекті аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Жұлдыз - Новая жизнь» газетінде орналастырылсын.

4. Осы қаулы 2026 жылғы 12 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі

Дата публикации
12 октября 2026