Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 «2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көкпекті аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 37-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 228 410,7 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 469 190,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 16 156,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 728 064,7 мың теңге;

2) шығындар – 4 520 084,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 71 305,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 127 588,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 283,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 637 021,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

- 637 021,6 мың теңге:

қарыздар түсімі – 127 588,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 872 283,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 107 673,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
22 июля 2026