Көкпекті ауданында үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс туралы Ақпарат

Көкпекті ауданында 7 қоғамдық бірлестік, 2 қоғамдық қор тіркелген .   

  1. «Абай облысы Көкпекті ауданының Ардагерлер кеңесі» ҚБ
  2. «Көкпекті ауданының Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы» ҚБ
  3. «Көкпекті жастары» ҚБ
  4. «Асыл ана» ҚБ
  5. «Amor fati» ҚБ
  6. "Көкпекті ауданының ерікті өрт сөндіру және авариялық-құтқару құралымы" ҚБ
  7. «Көкпекті ауданының бәйге федерациясы» ҚБ
  8. «Ақ ниет» ҚҚ
  9. «КӨКПЕКТІ" АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҚОРЫ» ҚҚ

         Жыл басынан бері Көкпекті ауданында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл орнату мақсатында 7 қоғамдық бірлестіктің төрағаларымен 2 кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандағы өзекті мәселелер талқыланып, бірлескен жұмыс жоспарлары қаралды.

         Ағымдағы жылы Көкпекті ауданында  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2  жобаны іске асыру үшін аудандық бюджеттен 1 млн.теңге қаражат бөлінді.

  1. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Дата публикации
13 июля 2026