2025-2026 жылдары атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

       

2025-2026 жылдары атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

 

«Абай облысы, Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округі» Тассай ауылына кіреберіс» автомобиль жолындағы Жүзағаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту» нысаны бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

2025 жылы «Абай облысы, Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округі «Тассай ауылына кіреберіс» автомобиль жолындағы Жүзағаш өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту» нысаны бойынша конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша 05.08.2025 жылғы № 63 шарт жасалды "СЕрВИС НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шарттың жалпы сомасы-845 773,585 мың теңге. 

Техникалық қадағалау 23.07.2025 жылғы №64 шарт "АҚНИЕТ-Нұр Құрылыс"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шарттың жалпы сомасы - 29 973,669 мың теңге.  

Авторлық қадағалау 12.08.2025 жылғы №65 шарт "Қаздорпроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шарттың жалпы сомасы-6 495,216 мың теңге.

Жалпы шарттар бойынша  сома-882 242,470 мың теңгені құрайды.

2025 жылы бөлінген және игерілген сома – 443 732,000 мың. теңге. оның ішінде ОБ-дан 193 732 ,000 мың теңге Ұлттық қордан - 250 000,000 мың теңге.

2026 жылы ОБ-дан 50 000,000 мың теңге  мөлшерінде қаражат бөлінді.

Жұмыстарды аяқтау үшін «Абай облысы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ тапсырыс берушісі қосымша «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 388 510,470 мың. теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.

 

Жолдар туралы ақпарат:

Көкпекті ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 282,4 км құрайды.

Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар 282,4 шақырым жолдың 81 шақырымы жақсы жағдайда, 153,3 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 48,1 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

2025 жылы аудандық маңызы бар жолдарда келесі жұмыстар жүргізілді:

- Толағай ауылына кіре беріс 13 шқ жолы жөнделді. Мердігер компания «Кокпекті жолдары» ЖШС шарт соммасы 597 183 499.36 млн теңге. Жұмыстар аяқталды;   

- Үлкенбокен-Көкжайық-Үлгілімалшы км 43-54. 11 шқ жолы жөнделді. Мердігер компаниясы "ЭЛХОН" ЖШС шарт соммасы 725 823 497.28 млн теңге. Жұмыстар аяқталды.

Көкпекті  ауданы  Көкпекті ауылындағы Тәуелсіздік көшесі (1250 м), Уәлиханов көшесі (1050 м), Авдеев (1100 м), Алтынсарин (1100 м), Абылайхан (500 м) орташа жөндеу. Бас мердігер компания ТОО "JANA AIMAQ. Жалпы сомасы - 266 238,656 мың теңге. Жұмыстар аяқталды.

           2026 жылы Көкпекті ауданында «KU KK-1 Үлкенбокен-Көкжайық-Үлгілімалшы а/ж км 28-43 аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасы бойынша ведамстволық қорытынды алынды. Сараптаманың жалпы құны 1 852 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы 400 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша «Көкпекті Жолдары» ЖШС-мен шарт жасалды, шарт сомасы – 1 712 875,901 мың теңгені құрайды. Техникалық қадағалауды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер де жүргізілуде.

         2026 жылдың бюджет түзету кезінде Үкіліқыз ауылына кіре беріс 8 шқ жолды және «KU KK-1 Үлкенбокен-Көкжайық-Үлгілімалшы а/ж  5  шқ жолды орташа жөндеуге сараптама қортындысы шыққан соң облыстық басқармаға бюджеттік өтінім берілетін болады.

2026 жылға Тассай ауылының кіреберіс жолындағы Мәметек учаскесіндегі көпірді жөндеуге құжаттар дайындалуда.Техникалық тексеру мен сметаны есептегеннен кейін салалық басқармаға бюджеттік өтінімдер берілетін болады.

2026 жылы ағаш отырғызу жөніндегі тапсырманың жеткізілген жоспары - 6000 дана.

Бүгінгі таңда 5875 дана отырғызылды. Сондай-ақ, өткізілген сенбілік шеңберінде сәуір-қараша айлары аралығында апта сайын техника мен жұмыс күшін тарта отырып сенбіліктер өткізіледі.

Бүгінгі таңда 2892 тонна қоқыс шығарылды, 78 ұйым тартылып, 88 бірлік техника жұмылдырылды.

Антенна-діңгекті құрылыстар бойынша ақпарат

Көкпекті ауданында 5 антенна-діңгекті құрылыс (АДҚ) салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу бойынша конкурс аяқталды:

  1. «Сантех-Строй Проект» ЖШС – 12 967,57 мың теңге (биіктігі 50 м болатын 4 АДҚ).
  2. «Нұр Жол Проект» ЖШС – 3 349,40357 мың теңге (биіктігі 60 м болатын 1 АДҚ), қосымша келісім – 4 126,817 мың теңге.

Бүгінгі күні келесі жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп аяқталды:

  • «Абай облысы Көкпекті ауданындағы М-38 автомобиль жолы бойында биіктігі 50 м болатын төрт антенна-діңгекті құрылысты салу»;
  • «Абай облысы Көкпекті ауданындағы М-38 автомобиль жолы бойында биіктігі 60 м болатын антенна-діңгекті құрылысты салу».

Қазіргі уақытта 4 жоба бойынша (Көкжайық, Байбура-2, Тассай, Байбура-1 учаскелері) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынып, бюджеттік өтінімдер Абай облысының Цифрлық технологиялар басқармасына жолданды:

  • Көкжайық учаскесі – 333,134 мың теңге;
  • Тассай учаскесі – 196,052 мың теңге;
  • Байбура-2 учаскесі – 440,363 мың теңге;
  • Байбура-1 учаскесі – 677,372 мың теңге.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында салынуы жоспарланған төрт антенна-діңгекті құрылыс бойынша (Байбура-2, Көкжайық, Тассай, Байбура-1 учаскелері) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы жекешелендіруге жататын объектілер тізбесіне енгізу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды. Сонымен қатар жобалардың бағалау жұмыстары жүргізілді.

«Абай облысы Көкпекті ауданындағы М-38 автомобиль жолы бойында биіктігі 60 м болатын антенна-діңгекті құрылысты салу» жобасы бойынша «Нұр Жол Проект» ЖШС-мен медиациялық келісім жасалды. Қазіргі уақытта жоба сараптама қорытындысын алу үшін www.qportal.kz порталына қайта жүктелді. Мемлекеттік сараптамамен үшжақты келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.

Бас жоспарлар бойынша ақпарат

2025 жылы Ақой, Қарамойыл, Шәріптоғай, Толағай және Мамай ауылдарының бас жоспарлары әзірленіп, оған 67 500,0 мың теңге жұмсалды. Қазіргі уақытта аталған жобалардың құжаттары сараптамадан өткізу үшін келісу кезеңінде (Қала құрылысы кадастры, Экология министрлігі).

Су құбырлары бойынша ақпарат

  1. 2024 жылы «ШҚО Көкпекті ауданы Ақой ауылындағы су құбыры желілерін салу» объектісі бойынша жұмыстар басталды.

Бас мердігер – «KazConstructionGroup» ЖШС, шарт сомасы – 540 763 910,62 теңге.

Авторлық қадағалау – «ШЫҒЫС ҚҰРЫЛЫС ЖОБА» ЖШС, шарт сомасы – 2 352 436,80 теңге.

Техникалық қадағалау – «Ақтаустройэксперт» ЖШС, шарт сомасы – 11 647 192,03 теңге.

Жобаның жалпы құны – 554 763,538 мың теңге.

Іске асыру мерзімі: 2024–2025 жылдар. Қазіргі уақытта нысан пайдалануға қабылданды.

  1. 2023 жылғы 17 шілдеде Абай облысы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «MS Industrial» ЖШС-мен «Абай облысы Көкпекті ауданы Ажа ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын салу» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге шарт жасасты.

Шарттың жалпы сомасы – 12 132 909,94 теңге.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Сараптама қорытындысы № EPA-0515/25, 08.05.2025 ж.

Су құбырының жалпы ұзындығы – 9 603,50 м, оның ішінде:

  • ∅110х6,6 мм – 4 625,50 м;
  • ∅25х2,3 мм (тұрғын үй учаскелерінің шекарасына дейін) – 4 978,0 м.

Жылдық су тұтыну көлемі – 34 915 м³/жыл.

Құрылыстың жалпы сметалық құны (2024–2025 жылдар бағасымен) – 315,576 млн теңге.

Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Абай облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. Қаражат бөлінген жоқ.

  1. 2025 жылы «Абай облысы Көкпекті ауданы Үкіліқыз ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын салу» жобасы бойынша № TG-0205/25 (15.08.2025 ж.) оң қорытынды алынды.

Сыртқы су құбыры желісінің ұзындығы – 4 293,0 м.

Құрылыстың жалпы сметалық құны (2025 жылғы бағамен) – 542,009 млн теңге.

Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Абай облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды.

  1. 2025 жылы «Абай облысы Көкпекті ауданы Толағай ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын салу» жобасы бойынша № TG-0204/25 (15.08.2025 ж.) оң қорытынды алынды.

Сыртқы су құбыры желісінің ұзындығы – 4 293,0 м.

Құрылыстың жалпы сметалық құны (2025 жылғы бағамен) – 533,260 млн теңге.

Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Абай облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды.

  1. Сонымен қатар Көкпекті ауданының Биғаш, Мамай, Шәріптоғай, Шұғылбай және Қарамойыл ауылдарындағы су құбыры желілерін салу жобаларының жобалық-сметалық құжаттамасына түзету жұмыстары жүргізілді.

Жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

2025 жылы келесі себептерге байланысты:

  • сараптама қорытындыларының қолданылу мерзімінің аяқталуы;
  • құрылыс материалдары мен жабдықтардың қымбаттауы;
  • қалған жұмыс көлемдерін аяқтау қажеттілігі,

барлық нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы түзету қажеттілігі туындады.

2025 жылғы 29 тамызда облыстық бюджеттік комиссияның мақұлдауы алынды (көшірме бар), содан кейін қалдық жұмыстарға арналған ЖСҚ-ға түзету енгізілді.

Қаржыландыру қажеттілігі

Түзету нәтижелері бойынша қалдық жұмыстардың құны:

  • Бигаш ауылы — 339,343 млн теңге;
  • Карамойыл ауылы — 361,114 млн теңге;
  • Мамай ауылы — 402,181 млн теңге;
  • Шариптогай ауылы — 420,127 млн теңге;
  • Шугылбай ауылы — 368,215 млн теңге.

Жобалардың қымбаттауы құрылыс материалдары мен жабдықтар бағасының өсуіне, сондай-ақ іске асыру мерзімдерінің ұзаруына байланысты.

2026 жылдың сәуір айына облыстық маслихат шешімімен әр ауыл су құбырларына 10,000 млн теңге бөлінді.

         Қазіргі таңда конкурстык жұмыстар жүргізілуде, маусым айында жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда

 

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары туралы ақпарат

 

2025 жылы Көкпекті ауданында жеке инвесторлардың қаражаты есебінен, жасалған Меморандум негізінде 58 пәтер (29 екі пәтерлі тұрғын үй) салынды. Бір пәтердің орташа ауданы 85 м² құрайды. Тұрғын үйдің 1 м² құны — 240 000 теңге.

Тұрғын үй құрылысы келесі елді мекендерде жүргізілді:

  • Үлгілімалшы ауылы — 4 пәтер-Мердігер «Pro.Nan» ЖШС;
  • Қойгелді Аухадиев атындағы ауыл — 4 пәтер -  Мердігер «Pro.Nan» ЖШС;
  • Көкпекті ауылы 15 (он бес) екі пәтерлі - Мердігер — «Оспан-Айдын» ЖШС;
  • Көкпекті ауылы 10 екі пәтерлі (20 пәтер)- Мердігер — «Маутканов Арнур Самаркандович» шаруа қожалығы;

Салынған барлық үйлер «Отбасы Банк» АҚ-ның балансына берілді.

2025 жыл 24 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы  28 желтоқсандағы № 415 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепке қою, кезек жүргізу және есептен шығару функциялары «Отбасы банк» АҚ-ға берілген.Осыған байланысты, жоғарыда аталған күннен бастап тұрғын үй кезегі мәселелерімен айналысу, соның ішінде кезекке қою, кезектен шығару және кезек нөмірін қарау және тұрғын үйлерді бөлу  «Отбасы банк» АҚ-ның құзыретіне  жатады.

2025 жылы Көкпекті ауданы бойынша 43 отбасы тұрғын үйлерін жекешелендірді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары туралы ақпарат

 

2025 жылы Көкпекті ауданында жеке инвесторлардың қаражаты есебінен, жасалған Меморандум негізінде 58 пәтер (29 екі пәтерлі тұрғын үй) салынды. Бір пәтердің орташа ауданы 85 м² құрайды. Тұрғын үйдің 1 м² құны — 240 000 теңге.

Тұрғын үй құрылысы келесі елді мекендерде жүргізілді:

  • Үлгілімалшы ауылы — 4 пәтер-Мердігер «Pro.Nan» ЖШС;
  • Қойгелді Аухадиев атындағы ауыл — 4 пәтер -  Мердігер «Pro.Nan» ЖШС;
  • Көкпекті ауылы 15 (он бес) екі пәтерлі - Мердігер — «Оспан-Айдын» ЖШС;
  • Көкпекті ауылы 10 екі пәтерлі (20 пәтер)- Мердігер — «Маутканов Арнур Самаркандович» шаруа қожалығы;

Салынған барлық үйлер «Отбасы Банк» АҚ-ның балансына берілді.

2025 жыл 24 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы  28 желтоқсандағы № 415 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепке қою, кезек жүргізу және есептен шығару функциялары «Отбасы банк» АҚ-ға берілген.Осыған байланысты, жоғарыда аталған күннен бастап тұрғын үй кезегі мәселелерімен айналысу, соның ішінде кезекке қою, кезектен шығару және кезек нөмірін қарау және тұрғын үйлерді бөлу  «Отбасы банк» АҚ-ның құзыретіне  жатады.

2025 жылы Көкпекті ауданы бойынша 43 отбасы тұрғын үйлерін жекешелендірді.

2026 жылдың І жартыжылдығындағы тұрғын үй құрылысы жұмыстары туралы
АҚПАРАТ

2026 жылы ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған тағы 20 тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл тұрғындардың баспана жағдайын жақсартып, халықты әлеуметтік қолдау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Келесі елді мекендерде тұрғын үй құрылыыстарының жұмыстары басталды:

 

№

Елді мекен / тұрғын үй саны

Жалпы ауданы (м²)

Құрылыс салушы мекеме

Құрылыс жұмыстарының басталу уақыты

Құрылыс жұмыстарының аяқталу уақыты

1

Шұғылбай ауылы – 65 м², 2 үй

130

ИП «Маутканова Арнур Самаркандовича»

2026 жыл мамыр айы

2026 жыл тамыз айы

2

Қойгелді Аухадиева ауылы –

65 м², 2 үй;

45 м², 2 үй

220

ИП «Маутканова Арнур Самаркандовича»

2026 жыл мамыр айы

2026 жыл тамыз айы

3

Үлкенбөкен ауылы – 65 м², 2 үй

130

ИП «Маутканова Арнур Самаркандовича»

2026 жыл мамыр айы

2026 жыл тамыз айы

4

Үлгілімалшы ауылы – 65 м², 2 үй; 45 м², 2 үй

110

ТОО «Оспан-Айдын»

15 мамыр 2026 жыл

2026 жыл қыркүйек айы

5

Мамай ауылы – 85 м², 2 үй

85

ТОО «Оспан-Айдын»

15 мамыр 2026 жыл

2026 жыл қыркүйек айы

6

Тассай ауылы – 65 м², 2 үй

65

ТОО «Оспан-Айдын»

15 мамыр 2026 жыл

2026 жыл қыркүйек айы

     Жалпы, 2026 жылы аудан бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үйлердің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде.                                                    Қазіргі таңда бірқатар елді мекендерде жер учаскелерін рәсімдеу және іргетас құю жұмыстары басталса.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша 19 отбасы өтініш берді. Оның ішінде 14 отбасының жекешелендіру құжаттары толық рәсімделіп, тұрғын үйлері заңдастырылды. Қалған 5 өтініш қазіргі уақытта қаралу үстінде. Жалпы, тұрғын үйлерді жекешелендіру жұмыстары қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.

 

 

Бөлім басшысы                                                                                 Табиғатов Е.Е.

Дата публикации
13 июля 2026