2026 жылдың I жартыжылдық бойынша Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Көкпекті ауданында мемлекеттік қызметтер 6 дербес бөлім және 9 ауылдық округтердің әкімдері аппараттары арқылы көрсетіледі.
        2026 жылдың I жартыжылдық бойынша барлығы  1455 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1348-сы немесе 92,6 %-ы электрондық форматта ұсынылды.                                                                   
        Мемлекеттік қызметтердің жалпы санының ішінде:
        – 0 қызмет немесе 0 % қағаз түрінде, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы;
        – 107 қызмет немесе 7,3% «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
        – 1348  қызмет немесе 92,6 % электрондық форматта, оның ішінде:
        • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 237 қызмет немесе 16,2%;
        • «Е-лицензиялау» МДБ арқылы – 871 қызмет немесе 57,1 %;
        • қызмет алушымен тікелей байланыссыз қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 211 қызмет немесе 14,5 %;
        • қызмет алушымен тікелей байланыс арқылы және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілген электрондық қызметтер – 29 қызмет немесе 1,9%.

        2026 жылдың I жартыжылдық бойынша 139 қызмет көрсетуден бас тарту тіркелді:

  • 9 қызмет немесе 6,4% – «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы;
  • 99 қызмет немесе 71,2% – ПЭП және Е-лицензиялау арқылы;
  • 30 қызмет немесе 21,5 % – қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы, тікелей байланыссыз;
  • 1 қызмет немесе 0,7% – қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы, тікелей байланыс және қолмен енгізу арқылы.

        Көрсетілген қызметтерді талдау нәтижесінде, 2026 жылдың I жартыжылдық бойынша  Көкпекті ауданында ең көп сұранысқа ие болған қызмет: «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»– 443 қызмет.

 Ағымдағы жылы ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингілеу бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша 1 бақылау іс-шарасы өткізілді (оның ішінде 1 – жергілікті атқарушы органда).

Бақылау іс-шаралары нәтижесінде Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  8 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

  • Есептік деректердің сәйкессіздігі фактілері – 8;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесін бұзу фактісі (өтінім түскен күні тіркелмеген) – 1.

         Бақылау іс-шаралары нәтижесі бойынша тәртіптік жаза қолданылған қызметкерлер саны – 0.
         Бақылау қорытындылары бойынша  ұсынымдар саны – 3, оның ішінде:

         Орындалған – 2;
         Орындалмаған – 1.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты 2026 жылдың I жартыжылдық бойынша   шағымдар жоқ.

2026 жылы барлығы 5 түсіндіру жұмыстары өткізілді, қаралым 3874 құрады. Оның ішінде:

  • әлеуметтік желіде тікелей эфир - 3;
  • аудандық әлеуметтік желілерде жариялым – 2.

 

Дата публикации
09 июля 2026