2026 жылы Абай облысы Көкпекті ауданы жер қатынастары бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Жыл басынын  1787,01 гектар жер (оның ішінде 1787,01 гектар шабындық) құрайтын 72 жер учаскесі жер пайдалнушыларға беріліп қайта айналымға енгізілді. 10 000,0  гектар  жайылымдық жерлер жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында  резервке қойылды.

2026 жылға аудан бойынша 6500 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеріс жүргізілу және мемлекет мешігіне қайтару жоспарланған.                                                             

Аудан бойынша жыл басынан жалпы көлемі 6690,47 гектар жер (оның ішінде 320,25 гектар шабындық, 6366,22 гектар жайылым, басқа жерлер
4,0 гектар) құрайтын 29 жер учаскесінің жалдау шарты бұзылып мемлекет меншігіне қайтарылды. Жылдық жоспар 102 % орындалды.

Бүгінгі күнге Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесінде малдары жоқ және пайдаланылмаған, жеке және заңды тұлғалардың иелігінде 17 жер телімі анықталды. Анықталған жер телімінің жалпы көлемі 63383,6 гектарды құрайды, оның ішінде 63383,6 гектар жайылым жерлер.

Осы  жоғарыда айтылған жер телімдерін Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментіне Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес тексеріс жүргүзіп мәжбүрлеп алып қою шараларын жүргізуге жолданды.

Дата публикации
09 июля 2026